Назад

ERG-дың 2,5 мың қызметкері #Birge #TazaQazaqstan акциясына шығады

25.07.2019

– Еуразиялық Топ әрқашан экологияны белсенді қолдайды. Біз жыл сайын қоршаған ортаны сақтауға және жақсартуға бағытталған жеке іс-шаралардың бастамашысы болып келеміз, – деді Еуразиялық Топтың басқарма төрағасы Серік Шахажанов. – Табиғи ресурстарға ұқыпты қарау біздің компаниямыздың миссиясына кіреді, бұл – біздің жұмыс істейтін кәсіпорындарымыз бен аймақтарымыздың тұрақты дамуының кепілдерінің бірі.

20 шілдеде Қазақстанда #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясы басталды. Ол кезде Нұр-Сұлтандағы Қоянды су қоймасын тазартуға Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин, вице-премьер Жеңіс Қасымбек, министрлер: экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзым Мырзағалиев, әділет  Марат Бекетаев, ұлттық экономика Руслан Дәленов, индустрия және инфрақұрылымдық даму Роман Скляр, мәдениет және спорт Ақтоты Райымқұлова, сондай-ақ Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Кульгинов, парламент мәжілісінің депутаты Зағипа Балиева, қоғамдық ұйымдар мен экологиялық бірлестіктердің өкілдері, еріктілер, экологиялық мәселелерге бей-жай қарамайтын жастар қатысты. Акцияға барлығы 2000-ға жуық адам қатысты. 26 шаршы шақырымнан астам аумақ тазартылып, 10 тоннадан астам қоқыс жиналды.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев ел аймақтарын осы бастаманы жалғастыруға шақырды.

27 шілдеде Қазақстанның жеті қаласында - Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Ақтөбе, Хромтау, Рудныйда Еуразиялық Топтың 1,6 мыңға жуық қызметкері жағалаулық аумақтарды тазартуға шығады. "Туған" қалалар - Павлодар, Екібастұз бен Ақсудың 900 қызметкері акцияға 3 тамыз күні қосылады.

Нұр-Сұлтанда ERG елордалық кеңселерінің қызметкерлері тағы да Вячеслав су қоймасының жағалауын тазартумен айналысады. Бұл Еуразиялық Топ үшін қамқор аумаққа айналған.

2017 жылы «Экологиялық десант» акциясы аясында еуразиялықтар су қоймасына 70 мыңға жуық тұқы шабақтарын және басқа балық түрлерін жіберді. Жағалауда қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға шақыратын демалыс бұрышы мен ақпараттық тақталар орнатылды.

«Экологиялық десант» кең ауқымды акциясын Еуразиялық Топ 2017 жылғы мамырда Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай ұйымдастырды. Содан кейін кеншілер, металлургтер, энергетиктер және басқа да мамандар Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар, Қостанай облыстары мен Астанадағы су қоймаларының жағалау учаскелерін тазалап, шабақтарды жіберді: https://www.erg.kz/ru/news/744.

Жалпыұлттық іс-шаралардан басқа, ERG компаниялары жыл сайын тұрақты негізде өз аймақтарындағы қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосады. Дәстүр бойынша, әр көктемде Еуразиялық Топтың қызметкерлері қалаларды тазартуға және көгалдандыруға шығады. ERG Қорғалжын қорығына, Қазақстанның биологиялық әртүрлілігін сақтау қауымдастығына, Қазақстандағы Пржевальск жылқысы мен құланның репродукциясы бойынша «Алтын Дала» жобасына, сонымен қатар солтүстік, орталық және оңтүстік Қазақстандағы сирек кездесетін флора мен фаунаны сақтауға қолдау көрсетіп келеді.

2018 жылы Еуразиялық Топ қоршаған ортаны қорғау шараларына 13,5 млрд. теңге қаржы құйды. 2019 жылы Топтың Қазақстанның «жасыл экономикаға» өту тұжырымдамасы аясындағы инвестициялары 16,5 миллиард теңге көлемінде жоспарлануда.