Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз



Біз сайтымызды пайдаланушылармен өзара әріптестіктің сапасын жақсартып, оның мазмұнын дербес ету үшін cookie файлдарын пайдаланамыз. Біздің веб-сайттың баптауларын өзгеріссіз пайдалана отырып, Сіз біздің cookie файлдарын пайдалануымызға келісім бересіз. Осы cookie файлдарын біз қалай пайдаланатынымыз туралы қосымша ақпаратты мына жерден табасыз.

«ЕЭК» АҚ «Шығыс» кенішінде жаңа тұрмыстық корпус ашылды

07.06.2019
«ЕЭК» АҚ «Шығыс» кенішінде жаңа тұрмыстық корпус ашылды

Жаңа ғимараттың ашылуы кеніш қызметкерлері үшін үлкен мереке. Кеншілерді құттықтауға Екібастұз қаласының әкімі Нұржан Әшімбетов те келді.

- "Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы"  АҚ кәсіпорындары әлеуметтік жауапты. Қызметкерлерге барынша жағдай жасалған осы жаңа корпустың ашылуы мұның айқын көрінісі. Сондай-ақ, компания өз қызметкерлеріне баспана да салды. Қала орталығындағы үйді көрдік, жақсы әрі жайлы. Жалпы Еуразиялық Топ қалаға қомақты қаражат құйып келеді. Мәселен өткен жылы қалалыө "Шахтер" саябағында бірнеше нысан салынды. Ал, биыл қалалық ауруханаға реанимобиль сатып алынды,- деді Екібастұз қаласының әкімі жаңа тұрмыстық кешеннің ашылу салтанатында.

Барлық ғимарат заманауи материалдардан салынған және Еуразиялық Топтың корпоративтік түстеріне сәйкес әрленге. Тұрмыстық корпус екі қабат, жертөле және тікбұрышты конфигурациясы бар. Ғимарат бір уақытта 400 қызметкерді ұабылдауға қауұарлы. Әрі барлық тиісті  талаптарға сай.

 – Біз осы заманауи ғимараттың есіктерін қуана ашамыз, тұрмыстық корпус құрылысына қатысқан барлық адамдарға алғыс айтқым келеді. Біздің қызметкерлеріміз үшін санитарлық-тұрмыстық жағдайларды жақсартқанымызға өте қуаныштымын, - деді «ЕЭК» АҚ «Шығыс» кенішінің директоры Юрий Гончаров.

Астыңғы қабатта кір жуатын бөлме, арнайы киім қоймасы, техникалық бөлмелер орналасқан. Бірінші қабатта киім ауыстыратын вестибюль холы, баспалдақ торлары орналасқан. Екіншісінде ингалятория, наряд бөлмелері, кеніш учаскелері басшыларының кабинеттері бар. Сондай-ақ, екі қабатта гардероб, себезгі бөлмесі, киім ауыстыратын бөлме, бу бөлмесі, санитарлық тораптар, қол жууға арналған жайлар, арнайы киімді кептіруге арналған бөлмелер, қосымша үй-жайлар қарастырылған.

Жаңа корпускәсіпорынның әлеуметтік инфрақұрылымын жақсарту аясында салынған жалғыз нысан емес. Санитарлық-тұрмыстық үй-жайларды Еуразиялық Топтың бірыңғай стандартына сәйкестендіру бағдарламасы аясында көмір өндіруші кәсіпорнының 80 орындық  буфеті қайта жаңартылып, кеңейтілді. Жаңа, заманауи жабдықтар сатып алынды. «ЕЭК» АҚ «Шығыс» кенішінің аумағындағы бар ғимараттарда санитарлық-тұрмыстық үй-жайларды жаңартуға бағытталған ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

Сондай-ақ, биылғы жылы кеншілер 1 600 орындық жаңа себезгі кешенін іске қосуды жоспарланып отыр. Ғимарат екі қабаттан тұрады. Оның ерекшелігі-металл профильдерден модульді құрастыру болып табылады.

Жаңа себезгі кешені «ЕЭК» АҚ Ақсу электр станциясында да салынуда. Ол 1 500 орынға есептелген.

Жаңалықтармен бөлісіңіз: