Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз



Біз сайтымызды пайдаланушылармен өзара әріптестіктің сапасын жақсартып, оның мазмұнын дербес ету үшін cookie файлдарын пайдаланамыз. Біздің веб-сайттың баптауларын өзгеріссіз пайдалана отырып, Сіз біздің cookie файлдарын пайдалануымызға келісім бересіз. Осы cookie файлдарын біз қалай пайдаланатынымыз туралы қосымша ақпаратты мына жерден табасыз.

Екібастұз бен Хромтауда Еуразиялық Топтың ең үздік кәсіби шеберлері анықталды

03.06.2019
Екібастұз бен Хромтауда  Еуразиялық Топтың ең үздік кәсіби шеберлері анықталды

Еуразиялық Топтың мерейтойлық – V Алтын Қор кәсіби шеберлік байқауы биыл ERG құрамындағы «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ «Шығыс» кеніші мен «Қазхром» ТҰК» АҚ Дөң тау-кен байыту комбинатында өтті.

            Хромтаудағы «Қазхром» ТҰК» АҚ Дөң тау-кен байыту комбинатында 19 үміткер автокран мен ауыр жүк көлігінің жүргізушісі, экскаватор мен бульдозер машинисті сынды 4 аталымда өзара сынға түскен. Ал, Екбастұзда электргазбен дәнекерлеушілер, электромонтерлер, жол монтері, тепловоз машинисті мен химиялық талдау зертханашылары арасындағы үздіктер анықталды. Байқауда ERG-дің 9 кәсіпорнында еңбек етіп жүрген 66 қызметкер бақ сынады.  

            Қалыптасқан дәстүр бойынша «Алтын қор» байқауы теориялық және практикалық атты екі кезеңнен тұрады. Сайыстың алғашқы күні қатысушылар сұрақтарға жауап беріп, тест тапсырған. Кәсіби білімдері безбенделген соң, сайыстың екінші күні қабілеттері мен қарымдары сыналады.

Сайыскерлер аса ауыр техникамен сегіздікті мінсіз жүріп өтіп, алып экскаватор шөмішімен шелектегі суды жылжытып, 200 тонналық жүкті кедергілерден өткізді. Бульдозер машистері арнайы техникамен ашық қалған сіріңке қорабын жапты. Бұл Хромтауда өткен сайыстың алғашқы кезеңінің тапсырмалары болатын.

Екібастұзда жарыс жолына шыққан әріптестеріне де оңай болмады. Мәселен станканға құйылған судың бір тамшысын да шашыратыа алмай, тепловозға жылжымалы құрамды тіркеп әкету екінің-бірінің қолынан келмесі анық. Тек, шеберліктің шыңына шыққандар ғана мінсіз атқара алады бұл міндетті. Одан соң шпалдан 25 метрлік торды барынша жылдам құрастырып шығу қажет. Құбырды зергердей әсем дәнекерлеп, химиялық элементтерді тек иісі бойынша дәл тану, шынайы электрсхеманы бағдарлау сынды тапсырмалар да бар. 

Сайыскерлерді жарыс жолында әділ қазылар алқасы бағалады. Олар тапсырманы орындау дәлдігі, жылдамдығы, қауіпсіздік ережелерін сақтауы тіпті қимылдың әбжілдігі мен әдемілігіне де жіті назар аударған. Нәтижесінде әр аталым бойынша үздіктер анықталды. Сайыстың Хромтауда өткен кезеңінің жеңімпаздары марапатты ERG директорлары кеңесінің төрағасы Александр Машкевичтің өзі  табыстаған болатын.

– Мен осындай кәсіби шеберлердің Еуразиялық Топта қызмет атқаратынына қуаныштымын,- деді ол. Осы сайысқа келулеріңіздің өзі өмірге, компанияға және өмірлік кәсіптеріңізге деген адалдықтың бір белгісі. Осы үшін де Сіздерге алғыс айтамыз әрі мұнымен шектеліп қалмай, тұрақты шыңдала беруге шақырамыз!

Сайыс нәтижесі төмендегідей:

Өзі аударғыш жүк көлігінің үздік жүргізушісі – Сергей Шубин («Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ), бульдозердің үздік машинисі – Михаил Франк («Қазхром» ТҰК» АҚ), үздік экскаватор машинисі –  Жарылқасын Марденов («Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ), және автокранның үздік машинисі – Вадим Усольцев («Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ). Үздік жол монтерлары – Василий Петровский, Марат Марданов, Арман Бердіханов («Қазхром»ТҰК» АҚ командасы), химиялық талдаудың үздік зертханашысы – Ирина Сермяжко («Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ). Тепловоздың үздік жүргізушісі – Наиль Хайруллин («Шұбаркөл көмір» АҚ), үздік электргазбендәнекерлеуші – Владимир Ахметов («ERG Service» АҚ).

– Көңілім ерекше көтеріңкі! Саладағы өз ісінің үздіктерін іріктеп, осында бастарымызды қосқанына қуаныштымын, – деді «Қазхром» ТҰК» АҚ Дөң тау-кен байыту комбинатының бульдозер машинисті Михил Франк. – Компанияға өз қабілеттерімізді шыңдауға жағдай туғызғаны үшін алғыс айтамын. Жеңімпаз атанған барлық әріптестерімді шын жүректен құттықтап, әрқайсысына өмірлік кәсіптік жемісін көруді тілеймін! 

– Қарсыластарымның қарымын көргендіктен, жеңіске жеткеніме қатты қуанып әрі таңданып тұрмын, – деді «ERG Service» АҚ электргазбендәнекерлеушісі Владимир Ахметов. – Жарыстарға қатысып жүргеніме міне 20 жыл. Алайда, әр сайысқа бірінші рет баратындай алаңдаймын. Осы жолы әсіресе теориялық бөлігіне алаңдадым. Ал, практикалық кезеңде мол тәжірибеме жүз пайыз сенімді едім.

Еуразиялық Топ «Алтын қор» байқауын 2015 жылдан бері тұрақты ұйымдастырып келеді. Оған өз кәсіпорындарында өткен кәсіби шеберлік байқауында үздік шыққандар ғана іріктеледі. Жобаның басты міндеті жұмысшы мамандықтардың мәртебесін көтеріп,  мамандарды кәсіби тұрғыда тұрақты шыңдалуға ынталандыру. Осы орайда ERG қызметкерлері жас мамандарға арналған халықаралық World Skills байқауына да ұдайы қатысып тұратынын айта кеткен абзал.

Жаңалықтармен бөлісіңіз: