Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз



Біз сайтымызды пайдаланушылармен өзара әріптестіктің сапасын жақсартып, оның мазмұнын дербес ету үшін cookie файлдарын пайдаланамыз. Біздің веб-сайттың баптауларын өзгеріссіз пайдалана отырып, Сіз біздің cookie файлдарын пайдалануымызға келісім бересіз. Осы cookie файлдарын біз қалай пайдаланатынымыз туралы қосымша ақпаратты мына жерден табасыз.

Елордада алғаш рет қазақстандық жоғарғы оқу орындары студенттеріне арналған ERG-дің ғылыми-техникалық конференциясы өтті

27.05.2019
Елордада алғаш рет қазақстандық жоғарғы оқу орындары студенттеріне арналған ERG-дің ғылыми-техникалық конференциясы өтті

Еуразиялық Топ (ERG) кәсіпорындары орналасқан өңірлердегі жоғары оқу орындарында білім алып жүрген 30 студент бүгін ERG-дің ғылыми-техникалық конференциясына қатысты. Компания мамандары мұндай шаралар болашақ мамандар мен бизнес арасында ашық пікір алаңын құруға сеп боларына сенімді.

10 жоғарғы оқу орны мен колледж студенттері ERG ұсынған бизнес-кейстерді шешуге талпынған. Тапсырмалар негізінен энергетика, жөндеу жұмыстары және қоршаған ортаны қорғау салаларын қамтыған. 

Еуразиялық Топтың техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары  директораты студенттерге екі бағыттағы тапсырма ұсынған. Алғашқысы –  экскаватор шөмішіне жабысып қалатын жыныстардан жылдам арылу жолын табу.

 Екінші кейс – жөндеу жұмыстарының болашағын бажайлау. Студенттер мәселен, 2040 жылы қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстары қалай жүргізіледі? деген мәселеге ой жүгіртулері керек.

Энергетика департаменті шағын қалаларды жылумен қамту мәселелерін, ал экологтар өндірістің қалдықтарын тиімді жарату бағытында ой бөлісуді қалаған.

Студенттерге бұл тапсырмалар осыдан 1 ай бұрын берілген. Бүгін өз бастамаларын таныстарған 76 студенттің тек 30-ы финалға жолдама алды.

– Мұндай шаралар тек пікір алмасар диалог алаңын құрумен шектелмейді. Біздің негізгі мақсатамыз – Топ кәсіпорындарына мақсаткер, белсенді әрі  жауапты жастарды молынан тарту. Осындай жаңашыл азаматтармен бірге ERG-дің келешегін қалыптастырамыз,- деді Еуразиялық Топ басқарма төрағасының персонал және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Инна Губарева. – Оның үстіне, бұл конференция өндірісті жақсартуға қатысты тың идеялар ағыны мен зерттеу нәтижелерін ала келмек. Осылайша, біз Топ кәсіпорындарына жұмысқа орналасқысы келетін жастарға өз бастамаларын жүзеге асыру мүмкіндіктері бар екенін де хабарлаймыз.

Компания «Келешек ERG-мен» бағдарламасы аясында жастармен тұрақты жұмыс жүргізіп келе жатқанын айта кеткен абзал.

Мәселен, сәуірдің 22-сі күні елдегі 23 жоғарғы оқу орны мен колледждерде бір мезетте ERG күні өтті. Ал, мамырдың 3-і күні Ашық есік күні ұйымдастырылған. Осының бәрі бүгінгі ғылыми-техникалық конференция қатарлы Топ кәсіпорындарындағы сұранысқа ие қызметтерге талантты жастарды тартуға бағытталды. Оларға Еуразиялық Топтың кәсіпорындары орналасқан аймақтарда білім алып жүрген 2000 студент қатысқан.

Жаңалықтармен бөлісіңіз: