Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз



Біз сайтымызды пайдаланушылармен өзара әріптестіктің сапасын жақсартып, оның мазмұнын дербес ету үшін cookie файлдарын пайдаланамыз. Біздің веб-сайттың баптауларын өзгеріссіз пайдалана отырып, Сіз біздің cookie файлдарын пайдалануымызға келісім бересіз. Осы cookie файлдарын біз қалай пайдаланатынымыз туралы қосымша ақпаратты мына жерден табасыз.

ERG Бразилиядағы BAMIN жобасы аясында Порто Сул құрылысына қатысты келісім шарт жасасты

24.05.2019
ERG Бразилиядағы BAMIN жобасы аясында Порто Сул құрылысына қатысты келісім шарт жасасты

Еуразиялық Топ Ильеус қаласындағы «Порту-Сул» терминалдар кешенін біріктіру туралы Бразилияның Баия штатының үкіметімен келісім жасасты. Нәтижесінде бұл порт құрылысын бастауға жол ашып, компанияның интеграцияланған темір кенін өндіру мен логистикалық BAMIN жобасын дамытудың маңызы кезең болды.  

Баия штатының үкіметі «Порту-Сул» терминалдар кешенін біріктіруге қатысты бұл келісім шарт өңір үшін ерекше маңызды темір кені, бидай мен тыңайтқыштар сынды жүктерді тасымалдау мен сақтауға қажетті қуатты қамтамасыз етер порт құрлысын бастауға негіз болатынын хабарлады. Атап айтқанда, бұл жерден жылына тек темір кенінің 41,5 млн тоннасы тасымалданады деп күтілуде.

Келісімге қол қою салтанаты штат астанасы Салвадор қаласындағы губернатор сарайында өтті. Салтанатқа ERG-дің Бас атқарушы директоры Бенедикт Соботка, Баия штатының губернаторы Руи Коста, Қазақстан Республикасының Бразилиядағы Елшісі Қайрат Саржанов пен Баия штатының вице-губернаторы және штаттың экономикалық даму министрі Жуан Леан, штаттың Заңшығарушылар палатасының басшысы Нельсон Леал қатысты. Шараға BAMIN жобасының холдингтік компаниясы Bahia Mineracao атқарушы төрағасы Эрик Гауштад пен BAMIN-нің қаржы директоры Александр Энье арнайы шақырылған.

«Біздің Баия штаты үкіметімен әріптестігіміз стратегиялық сипатта әрі біз осы серіктестікті одан ары нығайтуды көздейміз. Бұл келісім – «Порту-Сул» кешенінің құрылысына қарқын берудегі маңызды қадам. Әрі ол штаттың экономикалық дамуы мен жобаның коммерциялық өміршеңдігін үйлестіріп, тепе-теңдікті қамтамасыз етеді. Бүгін біз әріптестіктің жаңа кезеңі – Баия штатында жалпы құны 10 млрд бразилиялық реалдан ($ 2,5 млрд) асатын инвестициялық бағдарламаның жүзеге асырылуына бастау болады. Бұл өңірдің дамуы мен өркендеуіне сүбелі үлес қосары сөзсіз,– деді ERG-дің Бас атқарушы директоры Бенедикт Соботка.

Баия штатының губернаторы Руи Коста, жоба бір бірінен ажырамас үш нысан – порт, теміржол мен кен игеру кешенін қамтитынын атап айтты. «Міне осы себепті біз жобаға қатысуға ниетті халықаралық инвесторлармен келіссөздер жүргіздік. Өйткені, оның экономикалық тиімділігін қамтамасыз етіп, штаттың оңтүстігіндегі Жекие, Брумаду және Каэтит атты елді мекендерде жұмыс орындарын ашу қажет»,– деп түйіндеді ол сөзін.  

«Порту-Сул» жобасының қызметін бастауға қажетті барлық экологиялық лицензиялар бар. Порт құрылысын маусым айынан соң бастау жоспарланып отыр. Тау-кен өндіріс кәсіпорны мен портты салу кезінде жалпы саны 30 мыңға жуық жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Темір кенін өндіру басталған соң, кәсіпорын мен порт 10 мың адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етпек.

Жаңалықтармен бөлісіңіз: