Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз



Біз сайтымызды пайдаланушылармен өзара әріптестіктің сапасын жақсартып, оның мазмұнын дербес ету үшін cookie файлдарын пайдаланамыз. Біздің веб-сайттың баптауларын өзгеріссіз пайдалана отырып, Сіз біздің cookie файлдарын пайдалануымызға келісім бересіз. Осы cookie файлдарын біз қалай пайдаланатынымыз туралы қосымша ақпаратты мына жерден табасыз.

Ақтөбе феррорқорытпа зауытында Мемлекет басшысына «Халықтық бақылау» жобасы таныстырылды

22.05.2019
Ақтөбе феррорқорытпа зауытында Мемлекет басшысына  «Халықтық бақылау» жобасы таныстырылды

Ақтөбе облысына жұмыс бабындағы іс сапармен барған Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Еуразиялық Топ (ERG) құрамындағы «Қазхром» ТҰК» АҚ-ның Ақтөбе ферроқорытпа зауытында жүзеге асырылып жатқан жаңа «Халықтық бақылау» жобасы таныстырылды. Бастама кәсіпорындағы еңбекті қорғау мен қауіпсіздікті бақылауды нығайтуды көздейді.

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке, атап айтқанда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ERG-дің осы мүмкіндігі шектеулі жандар күшімен қауіпсіздікті бақылау тәжірибесін жалпы республика бойынша қала көшелеріне мониторинг жүргізуде кеңінен пайдалануды тапсырды.

«Халықтық бақылау» жобасын жүзеге асыру арқылы ERG өзінің негізгі мақсаты – өндірісте жазатайым оқиға мен жарақат алу деректеріне мүлдем болдырмауға талпынады.

Әр кәсіпорында болған оқиғаларды тегіс саралап шыққан компания мамандары қауіпсіздік ережелерінің қалтқысыз сақталуын қамтамасыз ету үшін тек ішкі бақылау аздық ететінін аңғарған.

Нәтижесінде бұл жауапты іске сыртқы бақылаушыларды да жұмылдыру ұйғарылды. «Халықтық бақылауға» негізінен кезінде өндірістік кәсіпорында еңбек етіп, жарым жан болып қалған адамдар тартылған. Компания олардан Ақтөбе ферроқорытпа зауытындағы қауіпсіздік ережелерінің сақталуын «Халықтық бақылауға» алуды өтінген.

Пилоттық жобаға 16 оператор қатысып жатыр. Жүйе толық қанат жайған тұста олардың саны 60 адамға жетпек. Барлығы қашықтықтан еңбек етіп, зауыттағы қауіпсіздік ережелерінің сақталуын 13 камераның көмегімен бақылайды. Жұмыс 4 сағаттық ауысыммен атқарылмақ. Осылайша ереженің сақталуы тәулік бойы бақыланады.  

Жобаға кіріспес бұрын операторлар өнеркәсіп қауіпсіздігі бойынша оқытылып, компьютерлік сауаттылық дағдыларына машықтанды.

Барлық бақылаушылар Қазақстан Республикасы Заңдарының талаптарына сәйкес, кәсіпорын штатына қабылданып, тиісті әлеуметтік кепілдемелерге ие болды. 2019 жылдың соңына дейін бұл мақсаттарға 30 млн теңге бағытталмақ.

Компания бақылаушыларды барлық техникалық жабдықтармен – ноутбуктер, телефондар, роутерлер, интернет және телефон байланысымен қамтамасыз еткен. Осы техникалық қамсыздандыру мен байланысты қамтамасыз етуге жыл соңына дейін 14,1 млн теңге жұмсалады.

– Еуразиялық Топ өндірісте жарақат алуды мүлдем болдырмау жолында күш пен ресурсты молынан жұмсаудан тартынбайды,– деді ERG Директорлары кеңесінің төрағасы Александр Машкевич.  – «Халықтық бақылау» жобасы арқылы біз бір жағынан әлеуметтік әлжуаз топты еңбекпен қамтамасыз етсек, екінші жағынан өз кәсіпорындарымыздағы өнеркәсіптік қауіпсіздікті нығайтамыз. Осы орайда, бізді бұл жобамыздың Мемлекет басшысының өткен аптада берген еңбекпен қамту – жұмыспен қамтудың инклюзивті  саясатын қамтамасыз ету жайлы тапсырмасы талаптарының үдесінен шыққаны қуантады. Мұнда мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа орналастырудың нақты механизмдері қарастырылған.

Жаңалықтармен бөлісіңіз: