Назад

Eurasian Resources Group пен Павлодар облысының әкімдігі аймақта жалпы сомасы 3 млрд теңгенің әлеуметтік маңызды жобаларын жүзеге асырмақ

17.05.2019

Eurasian Resources Group (ERG) пен Павлодар облысының әкімдігі 2019 жылы әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асырудағы өзара әріптестік туралы Меморандум жасасты. Құжатқа Топтың Бас атқарушы директорының бірінші орынбасары – Бақылаушы кеңестің төрағасы Алдияр Қазтаев пен Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов қол қойды.  

2019 жылы ERG Меморандум аясында жалпы сомасы 3 млрд. теңге қаражат бөлуді көздеп отыр. Қаржы негізінен Еуразиялық Топтың туған қалалары – Екібастұз, Павлодар мен Ақсу, сонымен қатар Үшқұлын және Майқайың кенттеріндегі әлеуметтік маңызды нысандардың құрылысы мен оларды жөндеу жұмыстарына бағытталмақ. Павлодар облысында жол жөндеу, Ақсудың орталық жағажайын қайта қалпына келтіру, қала көшелеріне жарық тартып, медициналық және білім мекемелерін жабдықтау мақсаттарына да меморандум аясында қаражат жұмсалмақ. Бұдан бөлек, Ақсудағы 20 үйге жылу алмастырғыш орнату жоспарланған. Нәтижесінде тұрғындар ыстық сумен қамтылады.

 Туған қалаларында бұқаралық спорттың қарқынды дамуын қамтамасыз ете отырып, ERG алдағы уақытта да аймақта аулалардағы спорт алаңдарын салуға, футбол манежі мен Павлодар қаласында олимпиада ізбасарларын даярлау Орталығын тұрғызуға инвестиция құйып, футбол мен волейболдың дамуына қолдау көрсетеді.

 Eurasian Resources Group директорлары Кеңесінің төрағасы Александр Машкевич: «ERG кәсіпорындары орналасқан өңірлерді қолдау – тек Топ қызметкерлеріне ғана  қамқорлық емес, олардың жақындары, достары мен көршілеріне деген пейіл» екенін атап айтты. 

– Біз «Туған жер – Родные города» атты әлеуметтік бастамамызды жүзеге асыруды жалғастыра береміз,– деді Александр Машкевич Меморандумға қол қою рәсімінде. – Осы бастаманың арқасында біз ERG кәсіпорындары жұмыс істеп тұрған өңірлердегі тұрғындары не алаңдатып отырғанын, түйтикілді мәселелерінен ұдайы хабардармыз. Өйткені, Меморандумға енетін жобалар біздің қызметкерлер мен өңір тұрғындарының қажеттіліктерін айқындайтын әлеуметтік зерттеулер нәтижесінде  іріктеледі. Осы орайда мен қызметкерлеріміздің өздерінің туған қалаларына деген жанашырлығын, ондағы өмір сапасын жылдан жылға жақсаруға деген ұмтылыстарын байқаймын. Сондықтан, бүгін еуразиаттықтарға алғыс айтқым келеді. Өйткені, Топ басшылығы ретінде бізге және облыс әкімдігіне біздің кәсіпорындардың қызметкерлері сияқты өз өңірлерінің патриоттары – аймақтың тұрақтылығы мен қарқынды дамуының кепілі. Өйткені, шынайы сүйіспеншілікпен қамқорлыққа алынған үй ешқашан қаңырап бос қалып, құлдырамайды.

Осы орайда ERG осымен 14 жыл бойы Топ кәсіпорындары орналасқан Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарының әкімдіктерімен аймақтағы әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асырудағы әріптестік туралы Меморандумдар жасасып келе жатқанын айта кеткен абзал. Жалпы алғанда биыл 25 жылдығын атап өтіп жатқан ЕRG-дің барлық кәсіпорындары аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын қоса алғанда қайырымдылық пен демеушілікке жалпы сомасы 226 млрд теңгеден астам көлемде әлеуметтік инвестициялар құйған.