Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз



Біз сайтымызды пайдаланушылармен өзара әріптестіктің сапасын жақсартып, оның мазмұнын дербес ету үшін cookie файлдарын пайдаланамыз. Біздің веб-сайттың баптауларын өзгеріссіз пайдалана отырып, Сіз біздің cookie файлдарын пайдалануымызға келісім бересіз. Осы cookie файлдарын біз қалай пайдаланатынымыз туралы қосымша ақпаратты мына жерден табасыз.

Eurasian Resources Group компаниясының бес жылдығына арналған салтанатты қабылдауда Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі Қазақстан Республикасының Мәртебелі консулдығы ашылды

14.05.2019
Eurasian Resources Group компаниясының бес жылдығына арналған салтанатты қабылдауда Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі Қазақстан Республикасының Мәртебелі консулдығы ашылды

Люксембургте табиғи ресурстарды қазып алу мен байыту саласындағы жетекші әртараптандырылған компания Eurasian Resources Group-тің (ERG) 5-жылдығына арналған салтанатты қабылдау өтті. Қабылдаудың аясында Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі Қазақстан Республикасы Мәртебелі консулдығының ашылуы орын алды. Салтанатты іс-шараға Люксембургтің Премьер-министрі Ксавье Беттель келді.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігі мен Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі елшісі Айгүл Құспан, ERG Директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич, ERG Бас атқарушы директоры, Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі Қазақстан Республикасының Мәртебелі консулы Бенедикт Соботка, және Люксембург пен Қазақстан үкіметтерінің өкілдері, ERG жоғары басшылығы, қызметкерлері мен әріптестері қатысты.

– Осы жылы ERG бес жылдық мерейтойын атап өтеді. Бұған қоса, біздің Қазақстандағы жұмысымызға 25 жыл толады.  Біз бес жыл қатарынан Люксембургте қазақстандық бизнесті таныстырып келе жатқанымызға қуаныштымыз. Өздеріңіз білесіздер, Люксембург экономика, технологиялар мен орнықты даму саласында әріптестікке көп мүмкіндіктер ашады. Елдің үкіметі халықаралық компаниялармен әріптестікке әрқашан дайын. Мәртебелі консулдық Қазақстан мен Люксембург арасында бизнес саласындағы қарым-қатынастың дамуына ерекше ықпал етеді деп сенеміз, – деп атап өтті ERG Директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич.

Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігі мен Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі елшісі Айгүл Құспан ERG басшылығы мен ұжымына іс-шараны ұйымдастырғандары үшін алғыс айтып, ERG Қазақстан мен Люксембург арасындағы қарым-қатынастың дамуына зор үлес қосатынын атап өтті.

Соңғы бес жылда ERG әлемдік тау-кен саласындағы жетекші компаниялардың біріне айналуына мүмкіндік беретін бірнеше маңызды жобаларды жүзеге асырды.

– Біз үшін Люксембургте Қазақстанның тарапынан жұмыс істеу үлкен мәртебе. Бүгінгі таңда ERG-ге әлемде 85 000-ға жуық адам жұмыс істейді. Топты металдар мен металлургиялық шикізат саласында жетекші әртараптанған компания ретінде таниды.  ERG – Дүниежүзілік Экономикалық Форумның әріптесі, Әлемдік аккумуляторлық батареялар секторы альянсының негізін қалаушылардың бірі мен төрағасы және «Бір белдеу – бір жол» бастамасының негізгі қатысушыларының бірі. Мәртебелі консулдық жұмысының арқасында бизнес саласында екі елдің арасындағы қарым-қатынас арта түседі деп сенемін, – деп атап өтті ERG Бас атқарушы директоры, Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі Қазақстан Республикасының Мәртебелі консулы Бенедикт Соботка.

Қазақстандық дипломат Люксембург бүгінгі таңда Қазақстанның Еуропалық одақтағы сенімді саяси және сауда-экономикалық әріптесі болып табылатынын баса айтты. Ол люксембургтік компанияларды ортақ инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға шақырды, атап айтқанда, жоғары технологиялар, ғарыш, қаржы және банк салалары.

– Қазақстанның Люксембургтегі Мәртебелі консулдығының ашылуы екі жақты қатынастардың тарихында атаулы оқиға болып табылады. Ол екі ел арасындағы сауда және экономика қатынастарының дамуына, туризм, спорт, білім беру мен мәдениет салаларында қатынастың кеңейуіне септеседі, - деді өз сөзінде Қазақстанның елшісі Айгүл Құспан.

Жаңалықтармен бөлісіңіз: