Назад

Еуразиялық Топтың кәсіпорындарында Еңбекті қорғау күні өтті

29.04.2019

Жыл сайын Еуразиялық Топтың (ERG) барлық кәсіпорындарында еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік айлығы өткізіліп, оның аясында «дөңгелек үстел» отырыстары, семинарлар, зияткерлік ойындар, үздік жұмыс орны мен учаскелердің көрме-конкурсы ұйымдастырылады.

Биыл Топта коммуникацияның тағы бір тиімді құралы қолданылды: компанияның ҚжЕҚ бойынша 10 алтын ережесі мотивімен анимациялық ролик әзірленді. Бейненің кейіпкерлеріне қарап «Работяги Казахстана» клипінен танымал жандарды байқауға болады.

Мұнымен қоса, Топ үшін мерейтойлық жылда өз ұжымдарында қауіпсіз еңбек мәдениетін құруға белсенді қатысып жүрген үздік 25 қызметкер арнайы корпоративтік марапат – «ҚжЕҚ саласындағы еңбегі үшін» төсбелгісіне ие болды.

– ERG-дың стратегиялық мақсаты өндірістегі жарақат пен апаттарды нөлге дейін жеткізу болып табылады, – деді Еуразиялық Топтың еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздігі жөніндегі директоры Дмитрий Цецелюк. – Қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету үшін компанияның кәсіпорындарда еңбекті қорғауды басқару жүйесі жұмыс істеп тұр. Ол әлемдік тәжірибелердің ең ұтымды тұстарымен үнемі жақсартылып отырады. Біз әр қадам сайын еңбекті қорғаудың жоғары мәдениетін құруда ілгерілеп келеміз. Бұл үрдістегі ең маңыздысы – басқарудың барлық деңгейлеріндегі басшылардың ұстанымы мен көшбасшылығы, сонымен қатар әр қызметкердің қауіпсіздік мәселелеріне деген саналы және адал қарым-қатынасы.

Топ биіктікте қауіпсіз жұмысты ұйымдастыру, көліктегі қауіпсіздік және мердігерлерді басқару стандарттарын жетілдіріп отырады. Бұдан басқа, қауіпті өндірістік нысандардың сенімділігін арттыру жұмыстары басталды.

Биылғы жылы «Қазақстан Алюминийі» АҚ Павлодар алюминий зауытында биіктікте жұмыс істеу бойынша практикалық дағдыларды дамыту үшін бірегей полигон орнатылды. 2019 жылы Топтың басқа ірі кәсіпорындарында ұқсас жаттығу алаңдары орнатылмақ. Сондай-ақ, көлік құралдарында бақылау құрылғыларын қауіпсіз жүргізу және орнату бойынша тренингтер арқылы көліктегі қауіпсіздіктің деңгейін көтеруге бағытталған «СКАУТ» жобасы іске асырылуда.

Қызметкерлердің қауіпсіздігі және еңбекті қорғау Еуразиялық топтың (ERG) басым бағыттарының бірі болып табылады. 25 жылдан астам уақыт бойы компания ҚжЕҚ бойынша әр түрлі іс-шараларға шамамен 185 млрд. теңге инвестициялады.