Назад

Eurasian Resources Group БҰҰ-ның Ғаламдық келісіміне қосылды

05.04.2019

Барлық мемлекеттерден жиналған мыңдаған кәсіпорындар мен маңызды стейкхолдерлердің басын біріктіретін БҰҰ-ның Ғаламдық келісімінің негізгі мақсаты тек қана Он қағиданы жүзеге асырып қана қоймай, БҰҰ-ның одан да ауқымды ғаламдық мақсаттары мен бастамаларын орындау болып табылады. Олардың ішінде Орнықты даму мақсаттары да бар.

Бенедикт Соботка, ERG-дің Бас атқарушы директоры, былай деді: «Біз БҰҰ-ның Ғаламдық келісіміне қатысатын компаниялардың қатарына қосылуға қуаныштымыз. Біз олардың мақсаттарын толығымен қолдаймыз. ERG адам құқықтарын қолдауға, еңбек қатынастарына, қоршаған ортаны қорғау мен сыбайлас жемқорлықпен күресуге ерекше мән береді. Біз БҰҰ-ның Ғаламдық келісімінің Он қағидасын өз бизнесімізге енгізуді жалғастыруға және салалық көшбасшылардың бірі ретінде осындай ғаламдық бастаманы қолдауға ат салысамыз».

Қабылданған міндеттемелердің аясында ERG БҰҰ-ның Ғаламдық келісімін қолдап және оның талаптарын сақтап қана қаймай, осы саладағы жасалған жұмыстар туралы жыл сайын есеп беретін болады. Бұл есептің ішінде Топтың жүзеге асырып жатқан (немесе жүзеге асыруға жоспарланған) іс-шаралары ғана емес, сондай-ақ қол жеткізген жетістіктері де көрсетілетін болады.

БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары мен анағұрлым кең ауқымды бастамаларын жүзеге асыруға өз септігін тигізу үшін, Топ осы салада халықаралық диалогты жақсарту мен ортақ жобаларды орындауға қатысады. Бұл жобалардың арасында тау-кен өндірісіне қатысты да жобалар бар.

«Ғаламдық мәселелерді шешу үшін ғаламдық ұстаным керек екендігіне біз сенімдіміз. Мысалы, кобальт төмен көміртекті экономикаға көшуде ерекше маңызды роль атқарады. Бұл металлға деген сұраныстың қарқынды өсуімен байланысты мәселелердің қатарына, мысалы, балалардың еңбегін пайдалану мен қоршаған ортаға зиянды тәсілдермен қазып алу жұмыстарын жүргізу жатады. Бұл пайдалы қазбаларды майдагерлік әдіспен қазып алу (ASM) жұмыстарында кең таралған құбылыс, – деді Бенедикт Соботка. – Аталған мәселені шешу үшін, біз саладағы барлық кәсіпорындар мен стейкхолдерлерді аккумуляторлық батареяларды жеткізудің орнықты тізбегін құру жөніндегі біздің жұмысымызды қолдауға шақырамыз».

Бұған қоса ERG БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттарын жүзеге асыруға ерекше көңіл бөледі. Бұл бастама орнықты өндірісті қамтамасыз ету, жергілікті халықтың өмір сүру деңгейін көтеру мен жеткізілімдердің жауапты тізбегін қалыптастыруға бағытталған бастамаларды қолдау жөніндегі Топтың алдына қайған мақсаттарымен үндеседі.