Назад

Minex Қазақстан форумы аясында ERG-дың ҒЗИО шеберлік сағатын өткізді

02.04.2019

Іс-шара барысында мерейтойлық форумды ашқан сарапшылар инновацияны дамытудағы әдістемелік амалдар мен саладағы түрлі ойыншылардың инновациялық тәжірибесі жайлы айтып берді.

«Майнекс» форумы Қазақстанда 2010 жылдан бері өткізіліп келеді және өкілдік салалық іс-шаралардың бірі болып табылады. Бұл негізгі өзгерістерді және Қазақстан мен Орта Азия елдеріндегі өнеркәсіптің тау-кен өндіру және геологиялық саласында жүзеге асырылып жатқан маңызды жобаларды таныстыру мен талқылаудың жыл сайынғы платформасы.

Форумның бірінші күні ERG-дың ҒЗИО сарапшылары – ғылыми-зерттеу тәжірибелік және конструкторлық жұмыстары (ҒЗТКЖ) департаментінің директор Антон Рощин мен инновацияларды басқару департаментінің директоры Александр Калинниковтың шеберлік сағатынан басталды. Саланың жалпы үрдістері мен кейстерінен бөлек олар инновациялық жобаларды басқарудағы ERG-дың ҒЗИО әдісін егжей-тегжейлі ашып, «Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі» АҚ-ғы кеніш техникасын сұйытылған табиғи газге ауыстыру және «Қазхром ТҰК» АҚ Дөң тау-кен байыту комбинатындағы шламды қайта өңдеу сияқты екі кешенді инновациялық жобаны жүзеге асырудағы тәжірибесін қысқаша таныстырды.

Шеберлік сағат барысында осы бастамалардың мүмкіндікті анықтау, идеялардың тудыру, технологияларды іріктеу және әзірлеу, сынақтар, пилоттау, өнеркәсіптік енгізуге тапсыру секілді барлық сатысы белгіленді.

– ERG-дың ҒЗИО 2012 жылы құрылды. Инновациялық алаң биыл 25 жылдығын атап өтетін Еуразиялық Топтағы серпінді жобалар мен жаңа идеяларды коммерцияландырудың базасына айналды, – деп атап өтті ERG-дың ҒЗИО басқарма төрағасы Сергей Опанасенко. – Біз қолда бар тақарылған жұмыс көлемі мен жаңа амалдарды пайдалана отырып, ғылыми зерттеулер мен инновацияларды қиыстыруға тырысамыз. Біздің ұжым жас қызметкерлердің өршілдігі мен осы салада көп жылдар еңбек етіп келе жатқан әріптестеріміздің тәжірибесін үйлестіреді. Біз ERG-дың ҒЗИО-дың кадрлық резервін қалыптастырудамыз, жаңа іскерлік әріптестікке ашықпыз және Форумның алаңы осы мақсаттарға сәйкес келеді.

Шеберлік сағаты аудиторияның зор қызығушылығын тудырды және «Minex Қазақстан 2019» форумына өзіндік жақсы екпінін берді. Сұрақтар мен жауаптар сессиясы барысында өзекті деген бірнеше мәселелерді қарастыруға мүмкіндік туды.

Форумның соңғы күнінде, 4-сәуірде, ERG-дың ҒЗИО ҒЗТКЖ департаментінің директоры Антон Рощин

В заключительный день форума, 4-ого апреля, директор департамента НИОКР НИИЦ ERG Антон Рощин «МайнТек Бизнес 2019» технологиялық компаниясының инновациялық шешімдер конкурсының қазылар алқасы құрамына кіреді. Конкурс Майнекс форумы шеңберінде өткізілуде. Ол жер қойнауын пайдаланушы компаниялар және қызмет пен жабдықтарды жеткізушілер арасында практикалық ұсынымдар мен идеялардың тиімділігін арттыруға бағытталған.

Еуразиялық Топ Майнекс форумын бірнеше жылдан беру қолдап және қатысып келеді. Мәселен, бұрын компания, соның ішінде, ERG-дың ҒЗИО «Майнтек» конкурсының шеңберінде өзінің технологиялық тапсырмалары мен сын-қатерін таныстырды. Оның нәтижесі бойынша конкурста бірнеше қызықты ұсыныстар жасалынды.