Назад

Ақсу энергетиктері станцияны пайдалануға енгізгеннен бері қуаттың мерейтойлық 600 млрд квт-сағатын өндірді

18.03.2019

Еуразиялық Топ (ERG) құрамындағы  «ЕЭК» АҚ Ақсу электр станциясы Бүгін алғашқы энергоблокты іске қосқан күннен бергі 600 млрд киловатт-сағат электр энергиясын өндірді. Энергетиктер өздерінің мерейтойлық киловаттарын Еуразиялық Топтың 25 жылдығына тарту деп атады.

Кәсіпорынның тарихы бай. Ермак МАЭС-ның (қазіргі Ақсу электр станциясы) қуаты 300 мегаватт бірінші энергоблогы 1968 жылдың желтоқсанында іске қосылған. 600 млрд кВтс электр қуаты бүкіл Қазақстанның алты жыл бойы қамсыз тұтынууна жеткілікті энергия. Бүгінгі күні Ақсу электр станциясы - энергетика саласы көшбасшыларының бірі. Станция Еуразиялық Топтың барлық кәсіпорындарын және басқа да өнеркәсіп кәсіпорындарына қуат беріп тұр.

– Барлық энергетиктерді 600 млрд кВтсағат өндіру көрсеткішіне қол жеткізумен құттықтаймын. Осы сандар электр станциясының мыңдаған ұжымының қажырлы еңбегінің жемісі. Барлықтарыңызға жұмсаған білім, тәжірибе мен қайрат-күштеріңіз үшін алғыс айтқым келеді. Осының барлығы электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен сапасын, біздің компаниямыздың жоғары өндірістік көрсеткіштерін қамтамасыз етуге арналған. Өндіріс ардагерлеріне жеке алғыс білдіремін, – дейді Ақсу электр станциясының директоры Владимир Фенев.

«ЕЭК» АҚ электр станциясының қажетті қуат қорын, жабдықтың сенімділігі мен ұзақ мерзімділігін қолдау, өндірістік сипаттамаларды және экологиялық параметрлерді жақсарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізеді. Қазіргі уақытта компания 1973 жылдан бастап пайдаланудағы Ақсу электр станциясының №5 энергоблогын қайта жаңғырту бойынша ауқымды жобаны іске асыруда. Бұл энергия блогының қуатын 300-ден 325 МВт-қа дейін арттыруға, отын шығынын азайтуға, пайдалану шығындарын қысқартуға, сондай-ақ электр станциясы жұмысының техникалық-экономикалық, экологиялық және сапалық көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, станция №7 энергоблокты қайта жаңғыртуды бастауды жоспарлап отыр.