Назад

"Шығыс" кенішінің техникалық паркін жаңа үлкен жүк көліктері толықтырды

18.02.2019

Еуразиялық Топ (ERG) құрамындағы «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ «Шығыс» кенішінің монтаждау алаңында бірнеше апта бойы жаңа 130 тонна үш БелАЗ-75131 автосамосвалы құрастырлып жатыр. Инвестициялық бағдарлама аясында сатып алынған жаңа машиналардың бірі қазір толық құрастырылып, жақын арада жұмысқа қосылады. 

Машиналарды сегіз адамнан тұратын бригада құрастырады. Бірінші алып техника жалпы саны 20 күнде құрастырылды. Мамандардың айтуынша, ауа райының қолайсыздывғы салдыранан көп уақыт шығындалған.

Техника Komatsu автокөліктерін кезең-кезеңмен ауыстыру үшін сатып алынды. Себебі оларды пайдалану мерзімі аяқталып келе жатыр.

– Бүгін біз құрастырған үш жүк түсіргіштің біріншісін іске қосамыз. Жақын арада тағы екі техника кенішке жеткізіледі. Жаңа машиналар еңбек өнімділігін, тау – кен массасын шығару көлемін арттыруға сеп болады, – деді «ЕЭК» АҚ «Шығыс» ПИТ-СТОП учаскесінің бастығы Баянбек Ибадульдин.

Айта кетейік, бұл техника кәсіпорында өзінің мықтылығын қуатын толық паш еткен. Бір жыл бұрын «ЕЭК» АҚ «Шығыс» кенішіне алғашқы төрт БелАЗ-75131 сатып алынды. Кәсіпорын мамандары атап өткендей, бұл модель көліктің соңғы буыны. Ол жетілдірілген және жақсартылған техникалық сипаттамаларға ие. Айтап айтқанда, негізгі күш элементтері мен агрегаттарының сапасы айтарлықтай артқан. Электронды басқарылатын тиімді 1600-күшті CUMMINS қозғалтқыш, сондай-ақ электроникамен басқарылатын, айнымалы-тұрақты электр тоғының қазіргі заманғы трансмиссиясы орнатылған. Тиеуді бақылау жүйесі, дөңгелектегі қысымды бақылау және күшейтілген шанақпен жабдықталған. Ал жүргізушінің жайлылығы үшін төрт жақты шолу бейнекамералары бар.

Жаңа техника көмір өндіруші кәсіпорнының № 1 және 2 айналмалы-ағынды аршылым учаскелерінде пайдаланылатын болады. Көлікпен кеніштің ең үздік жүргізушілері басқаратын болады.

– БелАЗ-75131 конструкциясы күштік компоненттердің, тораптардың, жүйелердің тұтас қатары бойынша инновацияларды енгізуге негізделген және терең карьерлердің күрделі тау-кен техникалық жағдайларында тау-кен массасын тасымалдауға арналған сенімді белоруссиялық Карьер самосвал болып табылады. Біздің «Шығыс» кенішіміз осындай кен орны. Сонымен қатар, машинаны түрлі климаттық жағдайларда, қоршаған ауаның температурасы -45 – тен +45 градусқа дейінгі аралықта пайдалануға болады. Біздің күрт құбылмалы ауа райымыз үшін бұл өте маңызды, - деді «ЕЭК» АҚ «Шығыс» кенішінің бас механигі Дмитрий Куценко.