Назад

Еуразиялық Топтың жөндеу және машина жасау активтерін орталықтандырудың алғышқы кезеңі басталды

29.11.2018

Еуразиялық Топтың жөндеу және машина жасау активтерін орталықтандырудың алғышқы кезеңі басталды

Еуразиялық Топтың (ERG) жөндеу және машина жасау активтерін орталықтандырудың алғашқы кезеңі басталды. Оның аясында «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ-ның Өндірістік жөндеу бөлімшесі «ERG Service» АҚ-ның құрылымына ауыстырылды. Бұл тапсырыс беруші мен орындаушы арасындағы қарым-қатынастың ашықтығын және жауапкершілігін, еңбек өнімділігін және  ең алдымен жылу энергетикалық жабдыққа техникалық қызмет көрсету мен жөндеу (ТҚКмЖ) тиімділігін арттыруға жұмылдырылған топішілік айналымдарды арттыру міндетін шешудің басты қадамдарының бірі.

Осы шешімді іске асыруды белгілейтін құжат – «ӨЖБ персоналын көшіру жөніндегі жол картасына» сәйкес, басты шарасы осыдан бұрын шаруашылық әдіспен орындалған жұмыс көлемін орындауға «ЕЭК» АҚ мен «ERG Service» АҚ арасына 1 миллиард теңгеге шартты жасасу болып табылады.

Шартқа қол қойылды, және оның шеңберінде жұмыстардың орындалуы «ERG Service» АҚ филиалы ПМЗ алаңшаларында да, «ЕЭК» АҚ ӨЖБ жөндеу базасында да, сондай-ақ «ЕЭК» АҚ Ақсу электр станциясының жөндеу цехтерінде жүзеге асырылу мүмкін. Бұл жөндеу қуаттарын дамыту мен Eurasian Resources Group топішілік айналымдарын арттыру шеңберіндегі кезекті жетістігі, – деп атап өтті «ЕЭК» АҚ президенті Валерий Гриненко.

Павлодар машина жасау зауыты өз кезегінде «ЕЭК» АҚ ӨЖБ ұжымының жұмысына қажетті жағдайды жасайды. Кәсіпорынның инвестициялық бағдарламасы шеңберінде ауқымды жаңғырту жүргізіледі. Жаңа дәнекерлеу жабдықтары, сандық басқару пульті бар металды өңдеу біліктері сатып алынуда. Санитарлық-тұрмыстық жайларды жөндеу аяқталды. Қызмет ауыстырған персонал Еуразиялық Топтың стандартына сәйкес келетін жақсартылған жағдайларымен 110 орынға арналған жаңа өндірістік жайда орналастырылған.

 – Бүгінгі күні ПМЗ-на «ЕЭК» АҚ ӨЖБ-нің 110 қызметкері ауысты, - деді Павлодар машина жасау зауытының директоры Леонид Белогривый. – Біздің әріптестеріміз кең, жақсы жылытылатын, желдетілетін және жарықтандырылған жайда жұмыс жасайды. Біз оларға кәсіпорынымыздың материалдық-өндірістік активтеріне, соның ішінде ғылыми-техникалық кітапхананы толық қолжетімді еттік. Өз тарапымыздан кәсіпорынымызда жайлы жағдайларға кепілдік береміз.

Тағы 867 адам «ЕЭК» АҚ ӨЖБ-нен «ERG Service» АҚ-на ауысты, бірақ энергетикалық жабдықтың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін олар Ақсу электр станциясында жұмыс жасай береді.

Барлық, оның ішінде «ERG Service» АҚ-на өткен қызметкерлердің еңбекақысы біліктілігіне, атқаратын жұмысының күрделілігіне, маманның тапшылығына және бәсекеге қабілеттілігіне байланысты сараланған түрде 7,2% артты. Әлеуметтік кепілдіктер де артты. «ERG Service» АҚ Еуразиялық Топтағы қызметкерлерге еңбекақы мөлшері арттырылған бірінші кәсіпорны болды. 2019 жылдың қаңтар айынан еңбек төлемін арттыру Қазақстандағы өндірістік кәсіпорындарының барлық қызметкерлеріне қатысты болады.

Қазіргі уақытта «ERG Service» АҚ кәсіподақ ұйымын құру және ұжымдық шартты әзірлеу үдерісі жүріп жатыр.

«ERG Service» АҚ 2015 жылы Еуразиялық Топ кәсіпорындарының барлық жөндеу құрылымын біріктіру үшін құрылғанын естеріңізге саламыз.