Назад

Жаңа жөндеу боксы ССКӨБ-тегі техниканың тұрып қалу уақытын қысқартуға мүмкіндік береді

28.11.2018

Жаңа жөндеу боксы ССКӨБ-тегі техниканың тұрып қалу  уақытын қысқартуға мүмкіндік береді

Еуразиялық Топ құрамындағы (ERG) Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі (ССКӨБ) Қашар өндірістік алаңында Caterpillar ауыр жүктасығыш самосвалдар мен жол-құрылыс техникаларын жөндеуге арналған бокс ашылды. Бұған кәсіпорынның осы бөлімшесіндегі сервистік инфрақұрылымды жақсарту  жобасының арқасында қол жеткізілді.

«ССКӨБ» АҚ Қашар кен басқармасында Caterpillar маркалы ауыр жүктасығыш самосвалдар мен жол-құрылыс техникаларына техникалық қызмет көрсету мен қысқамерзімді жөндеу жұмыстары бұдан былай қайта жаңғыртылған бокста өткізілетін болады. Оны ұйымдастыруға аз ғана уақыт пен минималды материалдық шығын жұмсалды. Жобаны технологиялық жабдықтарды жөндеу басқармасы жүзеге асырды (ТЖЖБ). Қоймаға арналған ескі орын бір айдың ішінде персонал үшін қолайлы жұмыс жағдайлары қарастырылған жөндеу базасы болып жаңартылды. Бұл, өз кезегінде, техниканың тұралып тұрып қалу уақытын қысқартып, автопарктың техникалық даярлық коэффицентін көтермек.

– Осындай боксқа деген қажеттілік өте жоғары болатын, – деді ССКӨБ Жөндеулер департаменті көлікті жөндеу бөлімі басшысының орынбасары Александр Юрин. – Бізде Қашар алаңында негізгі жөндеу корпусымыз бар. Бірақ,  самосвалдар мен жол-құрылыс техникасын сыйдыра алмай қалатынбыз. Сол себепті кейбір жұмыстарды далада жүргізуге тура келетін. Енді жаңа бокс жағдайды өзгертеді.

Қалпына келтірілген бокс бұрын қойманың қызметін атқарып келді. Еден, терезелер мен шығатын қақпа ауыстырылып, жалпы жөндеу жүргізілген соң ССКӨБ-тің бұрынан келе жатқан серіктесі саналатын Borusan Makina фирмасының механиктері өз міндеттеріне кірісіп кетті. Қазіргі таңда сервистік инженерлер бірлестіктің 73 бірлік тау-кен көлігі техникасына қызмет көрсетеді.

– Бұл жөндеу боксы еңбекті қорғаудың барлық нормалары сақталған жаңа технологиялар бойынша құрылды. Механиктерге жасалған жайлылық автомобилдерге техникалық қызмет көрсету жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді. Мен соңғы жылдары ССКӨБ-тегі тау-кен техникасына қызмет көрсету мен жөндеу мәселелерін шешуде оң өзгерістерді атап өткім келеді, – деді Борусан Макина Қазақстан Қашар жобасының супервайзері Денис Шакирьянов. Кейінге ысырылған жоспарлы жөндеулерді іске асырудың артуы мен жаңғыртылған бокстың ашылуы сөзіме дәлел.

Енді механиктердің құзырында екі әкімшілік бөлме мен техникалық қызмету және жабдықтарды қысқамерзімді жөндеуге арналған орын бар. Арнайы бөлінген орында майды үлестіруге арналған контейнер орнатылған. Машинаның майын ауыстыру кезінде көп уақытты үнемдейтін осы контейнерлердің жөндеушілер үшін жөні бөлек. Мысалы, бір автосамосвалға немесе жол-құрылыс техникасына техникалық қызмет көрсетуге майды үлестіргіш контейнерсіз орташа есеппен 8 сағат жұмсалса, енді бұл көрсеткіш 5 сағатқа дейін қысқарды. Осы орайда, май тазалау, сүзгілеу жүйесі арқылы өтеді. Жаңа жабдық қауіпсіз еңбек жағдайына кепілдік беріп, денеге түсетін ауырлықты айтарлықтай төмендетеді.

Қашар өндірістік алаңында кеніштегі негізгі шаруашылық жұмыстарын атқару үшін CATERPILLAR маркалы 90 тонналық төрт самосвал мен жол-құрылыс техниксының 24 бірлігі пайдаланылып келеді. Өндіріс көлемі машиналардың өнімділігіне тікелей байланысты екенін ескерсек, уақытылы техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің маңызы зор. Жаңартылған бокс кеншілердің «темір» көмекшілерінің еңбек ғұмырын ұзартпақ.