Назад

Eurasian Resources Group КДР-да мыс өндіретін Frontier Mine кәсіпорнын кепілдендірілген электр қуаты жеткізілімдерімен қамтамасыз етті

26.11.2018

Eurasian Resources Group КДР-да мыс өндіретін Frontier Mine кәсіпорнын кепілдендірілген электр қуаты жеткізілімдерімен қамтамасыз етті

Табиғи ресурстарды өндіру мен өңдеу саласындағы әлемдегі жетекші әртараптандырылған компания Eurasian Resources Group (бұдан ары – «ERG» немесе «Топ»), Frontier Mine SA («Frontier Mine») кәсіпорнын электр қуатымен қамтамасыз ету жөнінде келісім шарт жасасты.

ERG, Конго Демократиялық Республикасының (ДРК) мемлекеттік электр қуатын сататын Société National d’Electricité (SNEL) компаниясы мен Замбия Республикасының мемлекеттік электр қуатын сататын ZESCO компаниясы және КДР жетекші коммерциялық банкі – Rawbank 41 МВт көлемінде электр қуатын жеткізу туралы келісім шарт жасасты.

Frontier Mine – КДР мен Замбия шекарасында орналасқан ERG-дің мыс өндіретін негізгі кәсіпорны.  Ол мыс кеніші мен жылына 10 млн тонна сульфитті мыс кенін өңдеп, сульфитті мыс концентратын өндіретін кешенді біріктіреді. 

Таяуда ERG қордалынып жатқан ескі өндіріс үйінділерінен кобальт пен мысты төменгі шығынмен өндіретін енді бірі кәсіпорны – Metalkol SA-ын алдағы 10 жылға электр қуаты жеткізілімдерімен қамтамасыз ететін келісім шартқа қой қойған болатын.

Eurasian Resources Group Бас атқарушы директоры Бенедикт Соботка: «Біз Frontier Mine қажеттіліктерін тұрақты әрі кепілдендірілген электр қуаты жеткізілімдерімен қамтамасыз еткенімізге қуаныштымыз. Жаңа келісім ERG-дің КДР мен Замбияда өз бизнесін дамытуға ынталы екенін дәлелдейді. Әрі жалпы Африкадағы қызмет стратегиямыздың жүзеге асырылуына сеп болады. Біз ZESCO сынды Орталық Африкадағы беделді әрі сенімді электр қуатын жеткізушілермен тығыз байланымызды мақтан тұтамыз», деп атап айтты.

SNEL Бас директоры Жан-Боско Кайомбо Каян: «Біз Frontier, SNEL SA, ZESCO мен Rawbank арасында жасалған келісімнің үздіксіз әрі кепілдендірілген электр қуатымен қамтамасыз етеріне сенімдіміз. Алайда, келешекте Frontier-ді жергілікті, яғни КДР қуат көздерінен алынатын энергиямен қамтамасыз еткіміз келеді. Өйткені мұнда қазір гидроэлектр станциялар мен электр тарату желілері қайта қалпына келтіріліп жатыр», – деген ойымен бөлісті.

ZESCO Басқарушы директоры Виктор Мундене: «Жаңа келісімнің жасалуы ZESCO мен ERG арасындағы әріптестік аясының кеңіп келе жатқанының көрінісі. Әрі ол ERG-дің Frontier Mine кәсіпорнын ZESCO электр қуатымен қамтамасыз етеріне сенімін айшықтайды. Әрі ол біздің Оңтүстік Африкада энерготрейдинг орталығын құруға бағытталған стратегиямыздың мақсаттарына сай келеді. Сондықтан біз бұл жерде жергілікті көздерден қуат жеткізілмеген жағдайда, Frontier Mine-ге электр қуатын жеткізуді жалғастыра береміз»,- деп түйіндеді.