Назад

ERG Нью-Йоркте кобальттің жауапты жеткізілімдері стратегиясын таныстырды

04.10.2018

Eurasian Resources Group (бұдан ары – «ERG» немесе «Топ») өкілдері Бүкіләлемдік экономикалық форум ұйымдастырған орнықты даму жөніндегі Саммитке (бұдан ары – «БЭФ Саммиті») қатысты. Шара барысында Топ ERG-дің қатысуымен БЭФ аясында құрылған әрі оған құрылтайшы-серіктес мәртебесінде қатысатын Халықаралық аккумуляторлы батареялар секторына арналған альянс аясында белсенді жұмысты жалғастыратынын мәлімдеді. Сондай-ақ, орнықты даму жөніндегі Халықаралық конференцияда («ICSD») Топтың келешекте кобальттің жауапты жеткізілімдер тізбегін қалыптастыруға бағытталған жұмысы таныстырылды.

Бизнес, билік органдары мен қоғамның 700-ден астам өкілі, 70 елдің озық ғалымдары бас қосқан БЭФ Саммиті күндері Альянс өзінің жеке веб-сайтын іске қосты. ERG өкілдері Альянстың стратегиялық міндеттеріне қатысты бірқатар негізгі талқылауларға қатысып, Топтың осы міндеттерді орындауға қосар үлесі талданды.

Сондай-ақ, Топ өкілдері ICSD конференциясына қатысты. Аталған шара БҰҰ орнықты даму саласындағы мақсаттарын(ОДМ) орындаудағы салалық көшбасшылар мен ғалымдар, мемлекеттік орган өкілдерінің нақты шешімдер әзірлейтін пікір алаңы болып табылады. Аталған конференцияда ERG кобальттің жауапты өндірісін ұйымдастыру мен Конго Демократиялық Республикасындағы жергілікті қауымдастықтар өмірін жақсартуға жасалып жатқан жұмыстарын таныстырды. Осы бағыттағы жұмыстың бір қыры пайдалы қазбаларды кәсіби емес және ұсақ өндірістер барысында балалар еңбегін пайдаланудың алдын алу. Бұл ретте ERG «Қайырымды әкейдің қарындастары» қорымен ұзақмерзімді серіктестік туралы келісім жасасқан.Топ болашақта тау-кен өндірісі нарығындағы балалар еңбегін жоюға бағытталған “Children out of Mining“ бағдарламасын әзірлеуші Pact сынды өзге де үкіметтік емес ұйымдармен серіктесе жұмыс істеу мүмкіндіктерін қарастырады.

Топ өкілдерінің аталған конференцияларға қатысуы жайында ERG-дің Бас атқарушы директоры әрі аккумуляторлы батареялар секторына арналған Халықаралық альянстың тең төрағаларының бірі Бенедикт Соботка:  «ERG-дің орнықты даму ұстанымдары біздің қызметіміздің барлық қырларында көрініс табады. Сол себепті кобальт саласына қатысты өз бастамаларымызды әлемнің әр елінен келген әріптестер және серіктестерімізбен тізе қоса отырып, талқылау мүмкіндігі туғанына қуаныштымыз. Біз 2017 жылы аккумуляторлы батареялар нарығына арналған Халықаралық альянстың іргесін қалаушылардың бірі болғанымызға қуаныштымыз. Әрі әлемде өсіп келе жатқан кобальтке деген сұранысты бизнесті жауапты жүргізу қағидаларына сүйене отырып қанағаттандыруға қажетті шараларды қолдануды жалғастыра береміз»,- деп айтап айтты.