Топ кәсіпорындарының өнімдерінің түрлері

FeCr
ФЕРРОХРОМ

(жоғары-, орта-, төмен көміртекті)

Барлық таңбалы феррохром 65-тен 72% дейін хром, 28-30% жуық темір, 1,5% аспайтын кремний (Si), сондай-ақ, аз мөлшерде күкіртті қоспалар (S), фосфор (Р) және басқа да түсті металдар мен газдарды қамтиды. ISO 5448 стандартына сәйкес келеді.

Өндіріледі:
  • Ақтөбе зауыты феррохромның барлық түрін өндіреді. 
  • Ақсу зауыты жоғары көміртекті феррохром өндіреді. 
FeSiMn
ФЕРРОСИЛИКОМАРГАНЕЦ

Ферросиликомарганец болатты тотықсыздандыру және легирлеу үшін, оның қасиеттері мен құрылымын жақсарту үшін пайдаланылады. Марганец легирлеу құраушы ретінде Гатфильд болаты сияқты тозуға төзімді болаттарды балқыту кезінде пайдаланылады. ISO 5447 стандартына сәйкес келеді.

Өндіріледі:
  • Ақсу ферроқорытпа зауыты
FeSi
ФЕРРОСИЛИЦИЙ

Ферросилиций болатты тотықсыздандыру және легирлеу үшін, оның қасиеттері мен құрылымын жақсарту үшін пайдаланылады. Трансформаторлы болатты кремниймен бірнеше рет легирлеу кезінде оның электр техникалық қасиеті жақсарады.  ISO 5445 стандартына сәйкес келеді. ISO 5445 стандартына сәйкес келеді.

Өндіріледі:
  • Ақсу ферроқорытпа зауыты
Cr2O3
ХРОМ КЕНДІ
КОНЦЕНТРАТ

Ферроқорытпалар, отқа төзімді бұйымдар мен хром қосылыстарының өндірісі үшін қолданылады. ДКБК-ның хром кені концентратындағы Cr2O3 құрамы 47%-дан төмен емес. СТ-1571-1904-АО-13-2013 кәсіпорын стандартына сәйкес келеді.

Өндіріледі:
  • Дөң КБК – «Қазхром»ТҰК» АҚ
MnO2
МАРГАНЕЦТІ КЕН КОНЦЕНТРАТЫ

Ферроқорытпалар өндірісі үшін қолданылады. «Қазмарганец» кен басқармасындағы марганецті кендер концентраттарындағы марганец құрамы 20-дан 43% дейін құрайды.  АҚ Ф СТ 306792590000-01-2008 кәсіпорын стандартына сәйкес келеді.

Өндіріледі:
  • «Қазмарганец» кен басқармасы – «Қазхром»ТҰК» АҚ
Fe3O4
ТЕМІРКЕН КОНЦЕНТРАТЫ
ЖӘНЕ ШЕКЕМТАСТАР

Домна өндірісінде шойын мен болат өндірісі үшін қолданылады. Техникалық шарттарға сәйкес келеді:

  1. «ССКӨБ» АҚ теміркен концентраты. Техникалық шарттары СТ АО 00186789-11404-2014
  2. «ССКӨБ» АҚ қожшығарғышталмаған теміркен шекемтастар. Техникалық шарттары СТ АО 00186789-11402-2012
Өндіріледі:
  • «ССКӨБ» АҚ 
  • «Қашар кені» "АҚ"
Al2O3
АЛЮМИНИЙ ТОТЫҒЫ

Металлургиялық алюминий тотығы МЕМСТ 30558-98 таңбасы Г-00.

Бастапқы алюминий өндірісі үшін шыны, керамикалық, отқа төзімді өнеркәсіптерінде негізгі шикізат ретінде пайдаланылады. Металдарды тотығудан, жеміргіш орта және эрозиялық тозу ықпалынан қорғау үшін жабындар қаптауға, изоляциялық, композитті, абразивті материалдар өндірісі кезінде қолданылады.

Өндіріледі:
  • АО «Қазақстан Алюминийі» АҚ (Павлодар алюминий зауыты)
Al
АЛЮМИНИЙ

АҚ СТ 40494160-011-2009 бойынша ұсақ құйма түріндегі (20 кг) техникалық таза легирленбеген бастапқы алюминий (А7-А85). Тазартылған алюминий, алюминий қорытпалар, электр өткізгіш өнімдер өндірісінде қолданылады. 

Өндіріледі:
  • «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ
С
КӨМІР

КСН таңбалы энергетикалық тас көмір Қазақстан және Ресей электр станцияларында электр энергия өндірісі үшін қолданылады. Д таңбалы ұзақ жалынды тас көмір энергетикада және коммуналдық-тұрмыстық шаруашылықта, металлургиялық процестерде қалпына келтіру ретінде пайдаланылады. Одан ферроқорытпа өндірісі үшін қалпына келтіретін – спецкокс алынады.

Өндіріледі:
  • ЕЭК» АҚ «Шығыс» разрезі
  • «Шұбаркөл көмір» АҚ
ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫ
  • «ЕЭК» АҚ
  • «Қазақстан алюминийі» АҚ ЖЭО
  • «ССКӨБ» АҚ ЖЭО, Ақтөбе ферроқорытпа зауытының электр станциясы
КӨЛІКТІК ҚЫЗМЕТТЕР

«ТрансКом» ЖШС меншікті паркі 12 мыңнан астам бірлікті, соның ішінде 8 570 жартылай вагондар, 697 платформалар, 1 845 контейнерлер, 740 цемент тасығыштар, 482 шекемтас тасығыштарды құрайды. 

Өндіріледі:
  • Донской ГОК - АО “ТНК “Казхром”
ІЛЕСПЕ ӨНІМДЕР

Доломит – металлургия өнеркәсібінде пайдаланылатын отқа төзімді материалдар өндірісі үшін жоғары сапалы шикізат. Әктас шекемтастар өндірісі кезінде флюс ретінде, сонымен қатар алюминий тотығы өндірісі кезінде пайдаланылады.

Өндіріледі:
  • «ССКӨБ» АҚ
  • «ССКӨБ» АҚ, «Қазақстан алюминийі» АҚ
  • «Қазхром «ТҰК» АҚ