Экологиялық бастамалар

Еуразиялық Топ өзінің өндірістік қызметінің қоршаған ортаға кез келген теріс ықпалын төмендету және ресурстарды тиімді пайдалану жолын ұстанады, 2003 жылы Қазақстанда ферроқорытпа, темір кені, алюминий тотығы және алюминий, энергетика өндірістерінде қоршаған ортаны қорғауды басқарудың формалды жүйесін алғаш енгізгендердің бірі болды.

2009 жылы елімізде барлық өндірістік кәсіпорындар халықаралық сәйкес келу сертификаттарын алды. Бұдан бөлек, Топ Қазақстанда химиялық қалдықтарды басқару жүйесін енгізу арқылы қауіпті қалдықтардың ықпалын төмендетуге бағытталған, алғаш болып химиялық заттектер жөніндегі Саясатты қабылдады. Топтың қоршаған ортаға ықпалды төмендету бойынша қолданған шаралары арасында мыналар ерекшеленеді:

Жаңа технологияларға инвестициялар

Ландшафт пен биологиялық алуан түрлілікке ықпалды барынша азайту бағдарламалары

Электр энергия мен су тұтынудың көлемін қысқарту

Барлық шығарылымдарға және олардың қоршаған аумаққа ықпал етулерін қатаң бақылау