Жабдықтарды дайындаумен, қызмет көрсетумен және пайдаланумен, жөндеу және қосалқы үдерістерді қолдаумен және дамытумен айналысатын Еуразиялық Топтың орталықтандырылған сервистік кәсіпорны.
«ERG Service» ЖШС Топ компаниялары қажеттіліктері үшін дайындалатын өнімнің өндірісі мен жөндеуін стратегиялық және жедел реттеуді, сапаны, мерзім мен құнын бақылауды жүзеге асырады. Компания сондай-ақ, кадрлық қамсыздандыру, іссапар үдерісі, жөндеу технологиялары мен материалдардың инжинирингі сынды алуан түрлі бағыттар бойынша әкімшілік сервис көрсетеді.
«ERG Service» ЖШС құрамына Павлодар машина жасау зауыты, Өндірістік жөндеу бөлімшесі, Құю-механикалық цехы кіреді.