ERG осымен 17 жыл қатарынан Еуразиялық Топтың өндірістік кәсіпорындары орналасқан Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды мен Павлодар облыстарының әкімдіктерімен жыл сайын әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыру жөнінде Меморандумдар жасасып келеді.
Еуразиялық Топтың 2001-2020 жылдар аралығында осы өңірлерге құйған әлеуметтік инвестицияларының жалпы көлемі 280 млрд теңгеден асты.
Еуразиялық Топтың қайырымдылық және демеушілік қызметі «ERG Көмек корпоративтік қоры арқылы, сондай-ақ Топтың құрамындағы кәсіпорынның өзімен келесі бағыттар бойынша тікелей жүзеге асырылады»
Балалар мекемелері

Балалар үйін және балаларға білім беру мекемелерін қолдау, аз қамтылған отбасыдан шыққан балалар мен SOS Қазақстанның Балалар Ауылдарының тәрбиеленушілері үшін Қазақстанның ең жақсы лагерлерінде демалыстар ұйымдастыру.

Спорттық жобаларды қолдау, оның ішінде волейбол, ат спорты, велоспорт, футбол, мәнерлеп сырғанау, теннис, ауыр атлетика; «Ертіс» және «Ақтөбе» футбол клубтарына, ҚР хоккей федерациясына, ҚР шахмат федерациясына, Олимпиада жүлдегерлеріне демеушілік көмек көрсету.
Мәдени жобалар

Мәдени жобаларды, мәдени мұра кітаптар баспасын қолдау («Домбыра», «Қазақтың дәстүрлі мәдениеті», Қазақстан алтын қалам иегерлерінің ең үздік басылымдар жинақтарын жарыққа шығару).

Рухани конфессиялардың дамуына үлес қосу, Хромтау, Ақтөбе, Ақсу, Рудный қалаларындағы мешіттер мен шіркеулердің, Қостанай қаласындағы синагоганың қайырымдылық құрылысы.
Медициналық мекемелер

Медициналық мекемелерді денсаулық сақтау объектілеріне медициналық жедел көмек көрсету үшін санитарлық автокөлікті (50 автокөлік) тегін табыстау арқылы қолдау көрсету; Қарағанды қаласында емхана ашуға демеушілік көмек көрсету; Ақтөбе облысында дәрігерлік-амбулаторлық орталықтың құрылысы, Балқаш көлінде балшықты су емханасының құрылысы.
Ардагерлерді қолдау

ҰОС ардагерлеріне атаулы қолдаулар көрсету. Ұлы Жеңістің 65-жылдығына орай Ресей Федерациясының Псков облысында қаза тапқан қазақстандық-жауынгерлерге ескерткіштер орнату және қалпына келтіру жобасы іске асырылды. (Мәншүк Мәметова, кавалерист Әбілхайыр Баймолдин, снайпер Ыбрайым Сүлейменов, снайпер Әлия Молдағұлова). Сонымен бірге, офтальмалогиялық паталогиясы бар ҰОС ардагерлері үшін израиль мамандарын тартумен, емдеу-диагностикалық шаралар ұйымдастыру жобасы жүзеге асырылды. 50-ге жуық операция жүргізілді.