Басшылық

Серік Кәрімжанұлы Шахажанов

Бас директор

Серік Шахажанов С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «металлург» мамандығы бойынша тәмамдаған. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің «Іскерлік әкімшілік басқару шебері» (МВА) дәрежесін алған. Кейін Экономиканың жоғарғы мектебі Мемлекеттік университетінде (Мәскеу қ.) «Іскерлік әкімшілік басқару докторы» (DBA) дәрежесін алды.

1998-1999 жылдары «Найзатас» ЖАҚ-ның маркетинг және қаржылық талдау бөлімінің маманы болып еңбек етті. 2000-2001 жылдары – «Үміт» ЖЗҚ ЖАҚ-ның Павлодар филиалында зейнетақы қорының менеджері.

Еуразиялық Топтағы еңбек жолын Серік Шахажанов 2001 жылы Ақсу ферроқорытпа зауытының қаржы бөлімінде экономист қызметінен бастады. Кейін аталған кәсіпорынның қаржы бөліміне, одан соң «Қазхром» ТҰК» АҚ қазынашылық департаментіне жетекшілік етті.

2009 жылдың қаңтары мен 2014 жылдың сәуір айлары аралығында «Қазхром»ТҰК» АҚ қаржы-экономикалық мәселелер жөніндегі вице-президенті лауазымында компанияның қаржы-экономикалық қызметін басқарып, кәсіпорындардың салық және бухгалтерлік қызметтерін бақылап, кәсіпорын ресурстарын дұрыс пайдалануы мен жоспарлауды көздейтін ERP жүйесін әзірлеп, іске асыруға белсенді ат салысты.

2014 жылдың мамыр айында «Еуразиялық Топ» ЖШС-іне ауысып, талдау және стратегиялық даму жөніндегі Басқарушы директор қызметіне кірісті. 2014 жылдан бері – Басқарма Төрағасының стратегия және компанияны дамыту жөніндегі орынбасары. Серік Шахажановтың басшылығымен Топ кәсіпорындарының экономикалық тиімді әрі ұтымды ұзақмерзімдік стратегиялық даму жоспарлары әзірленді. Қазақстандағы өндірістік активтердің капиталды шығындары, сатып алулар, жылдық сатып алулар бағдарламалары әзірленіп, талданып, бекітілді.

Руслан Усенович Мулюкбаев

Бас директордың сатып алулар мен логистика жөніндегі орынбасары

Руслан Мулюкбаев Топтың сатып алулар саласындағы тәжірибесі 15 жылдан асты. Кәсіпорындардың сатып алу қызметіне қажетті әдістемені әзірлеу мен жаңа IT-шешімдерді енгізу ісін жауаптанған.

РФ Қорғаныс министрлігі әскери университетінің заң факультеті мен С.Торайғыров атындағы ПМУ-ды «қаржы және кредит» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еуразиялық Топ құрылымдарындағы қызметін «Қазақстан алюминийі» АҚ-нда заң кеңесшісі болып бастап, «ERG-дің Коммерция орталығы» ЖШС-ның Бас директоры қызметіне дейін өскен.

Әр жылдары шикізатпен, материалдар және жабдықтармен қамдау бөлімінің бастығы, орталықтандырылған сатып алулар департаментінің директоры, сатып алулардың әдістемесі мен контроллинг жөніндегі басқарушы директор, ERG Capital Projects-тің Бас директоры және «Еуразиялық Топ» ЖШС Бас директорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.

2021 жылдан бастап Руслан Мулюкбаев Топтың сатып алулар саласындағы коммерциялық қызметке жетекшілік етіп келді.

Йохен Бербнер

Бас директордың технология және операциялық қызмет жөніндегі орынбасары

Йохен Бербнер Карлсруэ техникалық университетінің өнеркәсіптік инженерия факультетін және АҚШ-тың Беркли қаласындағы Калифорния университетін тәмамдаған. Фонтенбло қаласындағы (Франция) INSEAD бизнес мектебінен MBA дәрежесін алған.

Ол ұзақ жылдары бойы McKinsey компаниясының Еуропа, Ресей мен Қазақстандағы кеңселерінде еңбек етті. Соңғы алты жыл бойы компанияның қазақстандық кеңсесіне жетекшілік етіп, металлургиялық және тау-кен компанияларына, соның ішінде ERG-ге де консультациялық кеңес қызметтерін ұсынып келген. Осы аралықта ол шикізатты өндіру мен өңдеу, еңбек өнімділігі мен операциялық тиімділікті арттыруға бағытталған, өндіріс пен техникалық қызмет көрсетуді жақсарту, ұйымдастырушылық және мәдени өзгерістерді енгізу сынды алуан түрлі ауқымды жобаларды жауаптанды.

Йохен Бербнер кешенді көпжылдық трансформация бағдарламаларын іске асыру, өндірісті тұсап тұрған тар тұстарды кеңіту, процестерді жетілдіру, ауқымды жобаларды талдау мен өндірістің тиімділігін басқару ісінде мол тәжірибе жинақтаған.

Ардақ Мейірханұлы Нұразханов

Бас директордың жобалар және даму жөніндегі орынбасары

Ардақ Нұразханов Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің кәсіпорындардағы экономика мен менеджмент факультетін «инженер-экономист-менеджер» мамандығы бойынша тәмамдаған. Кейін «Болашақ» бағдарламасымен АҚШ-та Джордж Вашингтон атындағы университеттен магистр дәрежесін алды.

Еуразиялық Топ ұжымына қосылғанға дейін халықаралық McKinsey & Company компаниясының серіктесі болып еңбек еткен. Онда 7 жыл басқарудағы консалтинг саласындағы тәжірибесін толықтырды. Ал, 2014 жылға дейін тау-кен және металлургия өнеркәсібінде («Казцинк» АҚ жобалық басқару), мұнай-газ өнеркәсібінде («Каспиан Оффшор Констракшн» ЖШС Солтүстік Каспийдегі шельф кенорындарындағы құрылыс пен оларды пайдалану ісін теңізден қолдау) еңбек етіп, жоба жетекшісінен бастап компанияның Бас директоры қызметіне дейін өрлеген.

Еуразиялық Топ командасына ол 2021 жылдың қазан айында «ERG Capital Projects» ЖШС Бас директоры қызметіне шақырылып, ауқымды құрылыстар бағытындағы ірі жобаларды жүзеге асыру мен функционалдық орталықты дамыту ісін жауаптанды.

2023 жылдың қаңтарында Бас директордың жобалар және даму жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды және қосымша «ERG Exploration» мен жаңа дамыту жобаларын жауаптанады.

Ғазиз Сәбитұлы Ибраев

Бас директордың корпоративтік мәселелер жөніндегі орынбасары

Ғазиз Ибраев Қазақ мемлекеттік заң академиясын "Заңтану" мамандығы бойынша аяқтады, Oxford Brookes University құқық магистрі дәрежесін "Халықаралық құқық" мамандығы бойынша алды.

2002 жылдан 2003 жылға дейін "Эрнст энд Янг" ЖШС заңгер-кеңесшісі болып жұмыс істеді.

2003-2005 жылдары "Саланс" ЖШС заңгер болған.

2005-2014 жылдары-Норт Каспиан Оперейтинг Компани (НКОК) компаниясында заң мәселелері жөніндегі кеңесші, аға кеңесші.

2014 жылдан 2016 жылға дейін "Кар-Тел" ЖШС заң департаментін басқарды ("Beeline"сауда маркасы).

2016-2017 жылдары - "Лански, Ганцгер и Партнеры Казахстан" ЖШС кеңсесінің басшысы.

Еуразиялық Топқа 2017 жылғы тамызда Халықаралық құқық департаментінің директоры және М&А қызметіне келді.

Ақмарал Серікқызы Найзабекова

Бас директордың персонал және мәдениет жөніндегі орынбасары

Қарағанды мемлекеттік университетін «Құқықтану» және РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясын, Мәскеу бизнес мектебін, MBA дәрежесін бітірген. Kingston University (UK) Халықаралық адам ресурстарын басқару магистрі дәрежесін алған. Персоналды басқару саласында халықаралық кәсіби сертификатқа (CIPD), ICF « халықаралық сертификатына; «Кәсіби коуч» Prosci өзгерістерді басқару саласында сертификаттауға (CCMP) ие.

Корпоративтік басқару және HR саласында 17 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар, «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобында және консалтингтік ұйымдарда 12 жылдан астам басшылық өтілі бар.

Еуразиялық топқа 2021 жылғы ақпанда Қазақстан өңірінің персонал және әлеуметтік мәселелер жөніндегі операциялық директоры ретінде қосылды.

Дәурен Жұмабиденұлы Меңдешев

«Еуразиялық Топ» ЖШС Бас директорының стратегия және трансформация жөніндегі орынбасары

Дәурен Меңдешев Топта 2021 жылдан бері жұмыс істейді. Бастапқыда өндіріс өнімділігін арттыру жөніндегі бағдарламаны басқарды, кейін «Еуразиялық Топ» ЖШС Стратегия және трансформация блогына қарасты трансформация кеңсесінің басшысы болып тағайындалды.

ERG-ге қызмет ауыстырғанға дейін Дәурен Жұмабиденұлы жаһандық McKinsey & Company консультациялық фирмасында жұмыс істеген. Ол тау-кен металлургиялық компанияларға, соның ішінде Топ құрамындағы кәсіпорындарда өндіріс өнімділігін арттыруға септесті.

Одан ертеректе, Ernst & Young компанисясының ақпараттық технологиялар саласында қызмет көрсетуші бөлімінде еңбек еткен. Сондай-ақ, PricewaterhouseCoopers tax & Advisory компаниясының консультациялық қызметтер департаментінде бизнес тиімділігін басқару менеджері қызметін атқарды.

Данияр Равшанұлы Рахматуллаев

Бас директордың қаржы жөніндегі орынбасары

Новосібір мемлекеттік университетін «Математика» мамандығы бойынша бітірді. «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты, Temple University-ді «Экономика магистрі» дәрежесімен аяқтады. Кәсіби бухгалтерлердің халықаралық сертификатын (САР) иеленді.

«Қаз-Транс-Газ-Алматы» АҚ компаниясында менеджер лауазымынан экономика және қаржы департаментінің директоры лауазымына дейін еңбек жолын өтті.

Еуразиялық Топқа 2014 жылы бюджеттендіру және экономикалық талдау бөлімінің бастығы ретінде қосылды. Соңғы үш жылдың ішінде ERG Тобының қаржылық жоспарлау және талдау департаментінің директоры лауазымын атқарып келді.