Eurasian Resources Group

Eurasian Resources Group (ERG) – табиғи ресурстарды өндіру мен өңдеу, энергетика, логистика және маркетинг салаларында толық біріктірілген, әлемдегі ең ірі әртараптандырылған компаниялардың бірі. Төрт құрлықта орналасқан 15 елде ERG-дің кәсіпорындары өз саласы бойынша ең ірі жұмыс берушілердің бірі саналады.

 

Бүгінде ERG жоғарыкөміртекті феррохром құрамындағы хром үлесі бойынша Еуразия кеңістігіндегі көшбасшы әрі темір кенін жеткізуші ірі компанияға айналды. Қазақстандағы жоғары маркалы алюминий өндіретін жалғыз кәсіпорын Топ құрамында. Сондай-ақ, мыс пен кобальт жеткізуші ірі компаниялар қатарында.

 

ERG – Қазақстанның тау-кен, металлургия саласының үштен бірін құрайды. Сонымен қатар, ERG – Орталық Азиядағы электр қуатын негізгі жеткізушілердің бірі және ірі темір жол операторы. Қазақстанда Еуразиялық Топ пен еліміз үшін аса маңызды кәсіпорындар орналасқан. Олар: «Қазхром» ТҰК, Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі (ССКӨБ), Қазақстан Алюминийі, Қазақстан электролиз зауыты (ҚЭЗ), Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы (ЕЭК), «Шұбаркөл көмір», «3-Энергоорталық» АҚ және «ТрансКом» Көлік тобы мен ERG Service.

 

Африкада ERG мыс және кобальт кендерін өндіреді, мыс концентраты мен кобальт гидроксидін шығарады. Жақында Топ Metalkol Roan Tailings Reclamation (RTR) кәсіпорнын іске қосты, ол Конго Демократиялық Республикасындағы бұрыннан қордаланған өндіріс қалдықтарын қайта өңдейтін ірі кәсіпорын болып табылады. Metalkol RTR бүгінде кобалть өндірісі ауқымы бойынша әлемдегі екінші және ірі мыс өндірушіге айналды.

 

Сонымен қатар, компанияның Африка құрлығындағы бірнеше елдерде, атап айтқанда Оңтүстік Африка Республикасында, Зимбабве, Мали және Мозамбикте көмір, марганец, платина, боксит, флюорит өндіру жобалары бар. Топ құрлықтағы өзінің жеткізілімдерінің тізбегін Sabot атты арнайы көліктік компанияның көмегімен жүзеге асырады, ол «Солтүстік-Оңтүстік» көлік дәлізінде құрлықаралық тасымалдау қызметін көрсетеді.

 

Бразилияда ERG Pedra de Ferro жобасын, Pedra de Ferro кен орнында темір кенін өндіретін біріктірілген кешенді, Porto Sul теңіз портын және FIOL құрлықаралық темір жолын дамытып жатыр.

 

ERG – Бүкіләлемдік экономикалық форум тұғырманамысында құрылған аккумуляторлы батареялар секторына арналған жаһандық Aльянстың құрылтайшы-серіктесі. Альянс қарқынды дамып келе жатқан электромобильдер мен гаджеттер секторына арналған құн құраудың жауапты әрі инклюзивті тізбегін құрып, дамыту мен оған орнықты даму тәжірибелерін әзірлеуді көздейді.

 

ERG Тобының Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан толық үлесін бағалау
 
Топ құрылтайшылары:

д-р Александр Машкевич - ERG S.а.r.l. Директорлар кеңесінің төрағасы.

Патох Шодиев м-а - ERG S.a.r.l. Директорлар кеңесінің мүшесі.

Шухрат Ибрагимов м-а - ERG S.a.r.l. Директорлар кеңесінің мүшесі.

Компанияның 40% үлесіне ие болатын Директорлар кеңесінің мүшелері, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Өкілдері:

Бақыт Сұлтанов м-а - Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі

Бейбіт Атамқұлов м-а - Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі