Бақылаушы кеңес

Шухрат Алиджанұлы Ибрагимов

Бақылаушы кеңестің Төрағасы – ERG S.a.r.l. Директорлар кеңесінің мүшесі

Лондондағы Еуропа бизнес мектебі мен Бейжің тіл және мәдениет университетін тәмамдаған. Шухрат Ибрагимов он жыл бойы ERG тобының бизнесі мен түрлі өндіріс салаларында тәжірибесін толықтырды. Нәтижесінде әлемдегі ең ірі тау-кен компанияларының бірінде еңбек етіп, технологиялық процестерді басқаруды терең меңгеріп, қаржы ағындары мен стратегиялық даму салаларында біліктілігін шыңдаған.

2015-2021 жылдар аралығында ол ERG-дің бизнесті дамыту Департаментіне жетекшілік етті. Шухрат Алиджанұлы бұл қызметте өндірісті жоспарлау және тұтынушылармен арадағы серіктестікті дамытуды жауаптанды. Бұл салада Топтың бірқатар халықаралық және қазақстандық жобаларын әзірлеп, іске қосуға себепші болған. Бұл қатарда: Ресей және Қытаймен серіктестік, бүгінде кобальт өндіру көлемі бойынша әлемде екінші орынға шыққан Metalkol RTR кәсіпорны, ERG-дің Бразилиядағы BAMIN атты кіріктірілген ауқымды теміркені мен логистика жобасы бар.

Шухрат Ибрагимов 2021 жылдан бері Eurasian Resources Group Директорлары кеңесінің, Аудит жөніндегі комитет, Сыйақылар жөніндегі және Орнықты даму жөніндегі комитет, компанияның директорлары кеңесі жанындағы біріктіру мен жұту жөніндегі комитеттердің мүшесі.

Сәтжан Нұрланұлы Темірғалиев

Бақылаушы кеңестің мүшесі – Топтың бас қаржы директоры

Анкарадағы (Түркия) Хаджеттепе университетінің экономика бакалавры және Оксфорд университетінің (Ұлыбритания) Іскерлік әкімшілік басқару магистрі дәрежесін алған. АҚШ-та сертификатталған алқа бухгалтер (Аляска штатында берілген СРА лицензиясы №2269) әрі Америкалық сертификатталған алқа бухгалтерлер институтының (AICPA) мүшесі.

Аудиторлық компаниялардың «Үлкен төрттігінің» бірінің Лондондағы кеңсесінде еңбек етіп жүрген жерінен 2009 жылы Еуразиялық Топ құрамына шақырылған. Алдымен стратегиялық қаржылық жобалар департаментіне жетекшілік етті. Кейін уақытша Африкадағы қаржылық қызметтерді атқарды. Одан соң ENRC plc.-дегі стратегиялық жоспарлау және инвестицияларды саралау Департаментіне жетекшілік етті.

2013 жылы Топтың қаржы жөніндегі Бас директорының орынбасары қызметіне тағайындалды. 2014 жылдан бері «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» акционерлік қоғамының экономика, қаржы және бизнесті трансформациялау жөніндегі Вице-президенті қызметін абыройлы атқарды. 2016 жылдың 1 шілдесінде «Еуразиялық Топ» ЖШС Басқарма Төрағасының қаржы жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды.

2017 жылдың 1 шілдесінен бері Топтың Бас қаржы директорының орынбасары қызметін атқарып келді. Ал 2018 жылы 2 сәуірде Топтың Бас қаржы директоры болып тағайындалды.

Мельников Дмитрий Игоревич

Бақылаушы кеңестің мүшесі – Топтың құқықтық мәселелері жөніндегі бас директоры

М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік Университетінің заң факультетін «Құқықтану» мамандығы бойынша (Азаматтық құқық кафедрасы) аяқтады, сондай-ақ Вирджиния Университетінде (University of Virginia, АҚШ) құқық магистрі дәрежесін (LL.M.) алып, соңынан РМЗМИ-да диссертацияны қорғап, заң ғылымдарының кандидаты дәрежесіне ие болды.

Қосылу мен жұтылу, қаржыландыру және бизнесті кешенді сүйемелдеу мәмілелері саласында мамандандырылған Дмитрий Мельниковтың негізгі кәсіби қызметі Cleary Gottlieb халықаралық заң компаниясындағы жұмыспен байланысты.

2014 жылдан бастап Дмитрий Мельников ERG Тобында &ndsah; алғашқыда Халықаралық құқық және M&A жөніндегі атқарушы директор ретінде, ал 2016 жылдан бастап – Топтың құқықтық мәселелері жөніндегі бас директоры (Chief Legal Officer) қызметін атқарып келеді.

Сондай-ақ, 2016 жылдан бастап ERG Тобының Атқарушы комитетінің мүшесі болып табылады.