Бақылаушы кеңес

Алдияр Асланұлы Қазтаев

Бақылаушы кеңестің Төрағасы – Топтың Бас атқарушы директорының Бірінші орынбасары

Еуразиялық Топта 2000 жылдан бастап қызмет етеді. 2010 жылы Альдияр Қазтаев ENRC басшылығына Қазақстанда бизнесті дамыту бөлімінің бастығы ретінде қосылды. Оның бизнесті дамытуда және стратегиялық менеджментте, сондай-ақ қосылу және жұтылу мәмілелер жасау саласындағы мол тәжірибесі негізінде ол «Еуразиялық Топ» ЖШС Басқарма Төрағасы болып тағайындалды.

Альдияр Қазтаев «Қайнар» университетін «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша бітірді.

Сәтжан Нұрланұлы Темірғалиев

Бақылаушы кеңестің мүшесі – Топтың бас қаржы директоры

Анкарадағы (Түркия) Хаджеттепе университетінің экономика бакалавры және Оксфорд университетінің (Ұлыбритания) Іскерлік әкімшілік басқару магистрі дәрежесін алған. АҚШ-та сертификатталған алқа бухгалтер (Аляска штатында берілген СРА лицензиясы №2269) әрі Америкалық сертификатталған алқа бухгалтерлер институтының (AICPA) мүшесі.

Аудиторлық компаниялардың «Үлкен төрттігінің» бірінің Лондондағы кеңсесінде еңбек етіп жүрген жерінен 2009 жылы Еуразиялық Топ құрамына шақырылған. Алдымен стратегиялық қаржылық жобалар департаментіне жетекшілік етті. Кейін уақытша Африкадағы қаржылық қызметтерді атқарды. Одан соң ENRC plc.-дегі стратегиялық жоспарлау және инвестицияларды саралау Департаментіне жетекшілік етті.

2013 жылы Топтың қаржы жөніндегі Бас директорының орынбасары қызметіне тағайындалды. 2014 жылдан бері «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» акционерлік қоғамының экономика, қаржы және бизнесті трансформациялау жөніндегі Вице-президенті қызметін абыройлы атқарды. 2016 жылдың 1 шілдесінде «Еуразиялық Топ» ЖШС Басқарма Төрағасының қаржы жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды.

2017 жылдың 1 шілдесінен бері Топтың Бас қаржы директорының орынбасары қызметін атқарып келді. Ал 2018 жылы 2 сәуірде Топтың Бас қаржы директоры болып тағайындалды.

Мельников Дмитрий Игоревич

Бақылаушы кеңестің мүшесі – Топтың құқықтық мәселелері жөніндегі бас директоры

М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік Университетінің заң факультетін «Құқықтану» мамандығы бойынша (Азаматтық құқық кафедрасы) аяқтады, сондай-ақ Вирджиния Университетінде (University of Virginia, АҚШ) құқық магистрі дәрежесін (LL.M.) алып, соңынан РМЗМИ-да диссертацияны қорғап, заң ғылымдарының кандидаты дәрежесіне ие болды.

Қосылу мен жұтылу, қаржыландыру және бизнесті кешенді сүйемелдеу мәмілелері саласында мамандандырылған Дмитрий Мельниковтың негізгі кәсіби қызметі Cleary Gottlieb халықаралық заң компаниясындағы жұмыспен байланысты.

2014 жылдан бастап Дмитрий Мельников ERG Тобында &ndsah; алғашқыда Халықаралық құқық және M&A жөніндегі атқарушы директор ретінде, ал 2016 жылдан бастап – Топтың құқықтық мәселелері жөніндегі бас директоры (Chief Legal Officer) қызметін атқарып келеді.

Сондай-ақ, 2016 жылдан бастап ERG Тобының Атқарушы комитетінің мүшесі болып табылады.