Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз



Біз сайтымызды пайдаланушылармен өзара әріптестіктің сапасын жақсартып, оның мазмұнын дербес ету үшін cookie файлдарын пайдаланамыз. Біздің веб-сайттың баптауларын өзгеріссіз пайдалана отырып, Сіз біздің cookie файлдарын пайдалануымызға келісім бересіз. Осы cookie файлдарын біз қалай пайдаланатынымыз туралы қосымша ақпаратты мына жерден табасыз.

Еуразиялық Топтың HR бөлімі

Компаниядағы мансап

Біздің үміткерлерді іріктеу жүйеміздің басты мақсаты – Еуразиялық Топтың кәсіпорындарын алға қойылған бизнес мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті дағдылары мен құзыреттері бар білікті жұмыскерлермен қамтамасыз ету. Топ кәсіби қызметте ең жақсы нәтижелерге қол жеткізе алатын және соған дайын білікті жұмыскерлерді тартуға талпынады. Персонал іріктеу кезінде компанияның бедел-бейнесін сенімді жұмыс беруші ретінде бекітуге бағытталған үздік халықаралық тәжірибелер пайдаланылады.

Персонал іріктеуде негізге алынатын қағидаттар:

1
 

Іштен жалдау артықшылығы. Компания үміткерлерді іріктеуде бос лауазым орындарын толтыру кезінде әділдік пен риясыз қағидатын сақтай отырып өзінің жұмыскерлеріне айрықша құқығын береді.

2
 

Үміткерлердің кәсіби және жеке басының қасиеттері қызметтік талаптарға, сондай-ақ компанияның дәстүрі мен корпоративтік мәдениетінің ерекшеліктеріне сәйкес келуі.

3
 

Үміткерлерді тең құқықтар мен мүмкіндіктермен қамтамасыз ету. Барлық үміткерлер бос лауазым орындарына қандайда бір белгілер бойынша кемсітушіліксіз тең шарттарда конкурстық іріктеуден өтеді.

4
 

Қысқа мерзім ішінде компанияға келген жұмыскерлердің бейімделулеріне қолайлы жағдайлар жасау. Лауазымға ену – жаңадан келген жұмыскерлерді жұмыстың талаптарымен, стандарттарымен және компанияның корпоративтік мәдениетті ерекшеліктерімен таныстыру үшін тікелей басшылардың, персоналды басқару жөніндегі мамандарының және жетекшінің тарапынан қолдау көрсету.

5
 

Жұмыскерлерді кешенді талдау негізінде тарту тиімділігін жүйелі бағалау: бекітілген үміткерлердің іштен және сырттан жалдау қорытындыларына, персоналдың тұрақтамау себептеріне қойылатын талаптарға сәйкес келуі, сондай-ақ таңдау/іріктеу шараларының сапасы мен жұмысқа қабылдау кезінде олардың болжалдарына қанағаттану деңгейі бойынша жұмыскерлерге сауалнамалар жүргізу.