Этикалық қағидаттар

Кәсіпорындары, кеңселері мен қызметкерлері төрт құрлықтың түрлі елінде орналасқан ERG-ден халықаралық компания ретінде аса жоғары іскерлік, операциялық және этикалық стандарттарды сақтау бейілділігі күтіледі. Бұл біздің кәсіпорындарымыз жұмыс істеп тұрған барлық елдің заңнамасын сақтауды көздейді. Біз өз стейкхолдерлеріміздің алдында өзіміздің іс-әрекеттеріміз үшін жауаптымыз және өз қызметімізді ERG-дің этикалық қағидаттарына сәйкес жүзеге асыруға ұмтыламыз.

 

 

Біздің негізге алынатын міндеттеріміздің бірі іскерлік этика мен кәсіпқойлықтың аса жоғары стандарттарын сақтау болып табылады. Бұл стандарттар ERG-дің Корпоративтік тәртіп кодексінде көрсетілген және біз атқаратын жұмысымыздың негізі болып табылады. Корпоративтік тәртіп кодексі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды, адам құқықтарын сақтауды, теңдікті, мүдделер қақтығысын басқаруды, құпия ақпарат пен дербес деректерді қорғауды қоса алғанда, негізгі құқықтық, моральдық және этикалық мәселелер жөніндегі біздің стандарттарымыз бен саясаттарымызды белгілейді және Менеджерлер кеңесінің, кез келген лауазымдағы барлық ERG қызметкерлерінің, сондай-ақ әлемнің әр түкпіріндегі ERG контрагенттерінің сақтауы үшін міндетті болып табылады.

Компания, сондай-ақ ERG жеткізушілерінің Компаниямыздың этикалық бизнес жүргізу қағидаттарын, оның ішінде жеткізілім тізбегін жауапты басқаруды сақтауы туралы біздің талаптарымыз көрсетілген ERG жеткізушілерінің тәртіп кодексін қабылдады.

 

Сілтемелер:

ERG-дің Корпоративтік тәртіп кодексі – RUS | KAZ | ENG

ERG жеткізушілерінің тәртіп кодексі – RUS | KAZ | ENG

 

ERG барлық қызметкерлерге өз басшысына, заң қызметіне, комплаенс қызметіне немесе ERG Жедел желісіне жүгіну арқылы өздеріне қарсы шаралар қабылданудан қорықпай, еркін сұрақтар қоюға және мәселелер туралы хабарлауға мүмкіндік беретін ашық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру бойынша белсенді жұмыс атқарып келеді.

Сондай-ақ, біздің іскерлік серіктестеріміз де ERG Жедел желісіне жүгіне отырып, ERG-дің Корпоративтік тәртіп кодексін бұзудың ықтимал қаупі туралы хабарлай алады.

 

ERG Қауырт желісі тәуелсіз оператор қызмет көрсететін және аптасына жеті күн тәулік бойы жұмыс істейтін толық құпия байланыс арнасы болып табылады.

 

ERG Жедел желісіне бұзушылық туралы:

• Жедел желі сайтында (www.erg.ethicspoint.com)

• Жедел желі телефоны бойынша (нөмірлер тізімі www.erg.ethicspoint.com сайтында көрсетілген) хабарлауға болады.

 

Біздің әрқайсымыздың және іскер серіктестеріміздің ERG-дің этикалық қағидаттарын сақтауымыз стейкхолдерлер тарапынан біздің Компанияға деген сенімді нығайтады және оның орнықты дамуына ықпал етеді.

 

Бөліммен толығырақ https://eurasianresources.lu/en/pages/group-compliance сілтемесі бойынша танысуға болады.