COVID-19

Біздің қағидаттарымыз

Біздің кәсіпорындарымыз бен қызметкерлеріміздің ондаған жылдар ішіндегі ерен еңбегінің арқасында қалыптасуы біздің бизнесімізбен тығыз байланысты жергілікті қоғамдастықтар мен тұтас қалалардың әл-ауқаты артып, өсіп-өркендеп келеді. Біз компанияның Қазақстан үшін маңызын шын мәнінде мақтан тұтамыз. Біз бұл экономиканың өсу драйвері болып қана қоймай, сондай-ақ адамдардың әл-ауқаты, олардың кәсіби дамуын, шығармашылық және рухани әлеуетін ашу үшін жағдай жасаймыз.

Бүгінгі күні әлем компаниялары бұрын-соңды болмаған күрделі кезеңдерді бастан кешіріп отырған жағдайда, біз кәсіпорындарымыз орналасқан өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал етуді жалғастырудағы жауапкершілікті жете түсінеміз. Біз үшін қызметкерлердің, мердігерлердің және олардың отбасы мүшелерінің әл-ауқатын арттыру міндеттерінің орындалуы дәл біздің миссиямыз бен бағдарымызға сай келетін және бизнес жүргізілетін барлық 15 елдегі жұмысымызға енген компанияның рухын білдіреді.

Біздің қызметкерлер мен жергілікті қоғамдастықтардың мүддесі үшін және біздің компаниялар жұмыс істейтін елдер үкіметтерінің талаптары мен денсаулық сақтау саласындағы мамандардың ұсынымдарына сәйкес, біз бірқатар алдын алу шараларын жүргізіп келеміз және қажет болған жағдайда, жедел түзетулер енгіземіз. Өмірді сақтап қалуға қажетті жетістікке жетудің басты факторы – қауіпсіз әлеуметтік жеке қашықтықты қамтамасыз ету.

Біз, сондай-ақ бизнес ынтымақтастығын қолдау үшін және келешекте табысты даму үшін қажетті іргетастың қалануына бірқатар стратегиялық бастамаларды іске қостық. Бұл жұмыстың ажырамас бөлігі – бизнестің үздіксіздігін қамтамасыз ететін толық ауқымды жоспарды іске асыру. Біз жағдайдың дамуын мұқият қадағалауды жалғастырамыз және қажет болған жағдайда, қосымша алдын алу шараларын қабылдауға толық дайынбыз.

Аман болыңыздар!


Бас атқарушы директордың мәлімдемесі

"Барлық компаниялар мен ұйымдар тап болған сын-қатерлерді ескере отырып, біз ерекше шаралар қабылдау қажеттілігін және оларды іске асыру кезінде аса жоғары тәртіптің болуын жете түсінеміз. Қызметкерлеріміздің, мердігерлердің, сондай-ақ олардың отбасы мен жергілікті қоғамдастықтардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету - біздің негізгі басымдығымыз. Осы мақсатта біз жедел және алдын ала әрекет ету қағидатын ұстанамыз. Мұндай тәсілдің және біздің оған ерекше ден қоюымыздың арқасында кәсіпорындарымызға қолдау көрсетіп және оларды сенімді басқара отырып, біз осындай жағдайда да бәсекеге қабілетті болып қала бермекпіз. Бұл бізге пандемияның басылуына қарай ұзақ мерзімді сұраныс пен экономикалық өсімді қалыптастыру үшін қажетті материалдардың жеткізілуін жалғастыруға мүмкіндік береді."

Бенедикт Соботка
Бас атқарушы директор

Адамдар арасындағы қауіпсіз қашықтықты сақтау – өмірлік қажеттілік


Біздің басты мақсаттар

  • Қызметкерлеріміздің, мердігерлердің және олардың отбасыларының әл-ауқатын, денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • Біздің бизнесімізбен қатар қалыптасқан жергілікті қауымдастықтар мен қалаларды қолдаудағы жоғары жауапкершілік;
  • ERG-дің әлемдік экономиканы қалпына келтіруде және қоғамның ұзақ мерзімді дамуында негізгі рөл атқаратын «болашақ материалдарын» жеткізуді барынша жауапты жалғастыра алатынына кепілдікті қамтамасыз ету;
  • Бизнесіміздің тұтастығын алдын ала сақтап, болашағын нығайту үшін тиімді қаржылық шешімдерді қабылдау.

Шаралар (бөлім апта сайын жаңартылып отырады)

Қауіпсіз қашықтықты қамтамасыз ету

  • ERG кәсіпорындары орналасқан өңірлердегі кеңселерде қашықтан жұмыс және ауысымды жұмыс кестесі енгізілді;
  • Барлық іссапарларға шектеу қойылды, қызметкерлерді сақтаулуы тиіс регламенттер мен саясаттар туралы үнемі хабардар ету жүргізіледі;
  • Барлық корпоративтік іс-шаралар мен мерекелер тоқтатылды немесе кейінге шегерілді.

Алдын алу шараларын қабылдау

  • Барлық кеңселер мен өнеркәсіп алаңдарында күшейтілген дезинфекциялау шараларының толық спектрі енгізілді;
  • Ондаған мың бетперденің жеткізілуі қамтамасыз етілді;
  • Барлық орынжайларда толық тазалау жұмыстары ұйымдастырылды;
  • Қызметкерлердің дене температурасын қашықтан өлшеу үшін ERG кәсіпорындарының бақылау-өткізу қосындарына термокамералар орнатылды;
  • Қызметкерлерге COVID-19 белгілерін тану қамында оқыту жүргізілді
  • Медициналық құралдардан, қолға арналған антисептиктерден, ақпараттық буклеттен және т.б. тұратын вирустан қорғауға арналған арнайы жинақтар таратылды

Қызметкерлерді қосымша қолдау

  • ERG-дің барлық кәсіпорындарында ішкі ақпараттық науқан іске қосылды;
  • Топтың персоналмен жұмыс қызметі қызметкерлерге қауіпсіздік және денсаулықты қорғау жөнінде тиісті саясат пен шаралар туралы жаңартуларды жіберетін арнайы коммуникация желісі құрылды;
  • Ақылы демалысты қоса алғанда, балаларына күтім жасауды қажет ететін әріптестерге қолдау көрсетілді;
  • Қызметкерлерге қосымша көлік бөлінді.

Болашағымызды қорғау

  • Рөлдік үлгі: Топтың бас атқарушы директоры және Топтың бас атқарушы директорының бірінші орынбасары жалақысын уақытша қысқарту туралы ерікті бастамасына барлық басқа топ-менеджерлер қолдау көрсетті;
  • Жеткізілімдер туралы жаңа уағдаластықтарға қол жеткізуді және өнімнің жаңа түрлерін игеруді қоса алғанда, әлемдік экономика мен қоғамның пандемиядан қалпына келуіне қарай Топтың болашақ мүмкіндіктерді толық пайдалануға дайындығын қамтамасыз ету.


Баспасөз хабарламалары – COVID-19:

Ақтөбе ферроқорытпа зауытының металлургтері қалалық ауруханаларға екі апта ішінде 600-ден аса оттегі баллондарын жеткізді Толығырақ

Коронавирус пандемиясы басталғалы бері ERG кәсіпорындарында еңбек етіп жүрген 919 маманның COVID-19 инфекциясын жұқтырғаны анықталды, 22 шiлде 2020 жыл, Толығырақ

Eurasian Resources Group-тағы #Басқаша_Металлург_күні, 20 шiлде 2020 жыл, Толығырақ

Eurasian Resources Group акционері Алиджан Ибрагимов COVID-19 таралуына қарсы күреске қосқан сүбелі үлесі үшін марапатталды, 26 маусым 2020 жыл, Толығырақ

Жаппай карантин кезінде қомақты қаржы шығармай, ауқымды топтық шаралар өткізуге бола ма?, 18 мамыр 2020 жыл, Толығырақ

Ақтөбеде майдангер-металлургке арнайы Жеңіс шеруі ұйымдастырылды, 9 мамыр 2020 жыл, Толығырақ

COVID-19 Қазақстанның ірі логистикалық операторларының бірі «ТрансКом» ЖШС-ның Қытайға теміркенді шикізат тасымалын екі есе арттыруға тосқауыл болған жоқ, 10 сәуір 2020 жыл, Толығырақ

Ақсу ферроқорытпа зауыты ТЖ режимінде қоғамдық көліктің жүктемесін азайту мақсатында қалаға қосымша автобустар бөлді, 9 сәуір 2020 жыл, Толығырақ

COVID-19 ERG Service-ке жаңа өнім түрлерін игеруге кедергі келтірген жоқ, 8 сәуір 2020 жыл, Толығырақ

COVID-19: Eurasian Resources Group топ-менеджерлері өз жалақыларын 30%-ға уақытша төмендету туралы бастамасын мәлімдеді, 4 сәуір 2020 жыл, Толығырақ

Ақтөбелік фабрика қазақстандық шахташыларға, металлургтерге, энергетиктер мен көлік қызметкерлеріне 200-ден астам көп реттік бетперде тігуде, 3 сәуір 2020 жыл, Толығырақ

Қазақстан электролиз зауытының кіреберістерінде дене қызуын қашықтан өлшейтін тепловизорлар орнатылды, 2 сәуір 2020 жыл, Толығырақ

«Шұбаркөл көмір» АҚ COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін кешенді шараларды қолға алды, 1 сәуір 2020 жыл, Толығырақ

ERG Нұрсұлтан Назарбаевтың республикалық қор құру туралы бастамасын қолдады, 20 наурыз 2020 жыл, Толығырақ

Eurasian Resources Group (ERG) астанаға коронавируспен күреске жәрдем ретінде 100 млн. теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетті, 20 наурыз 2020 жыл, Толығырақ

Eurasian Resources Group (ERG) қызметкерлер арасында коронавирус инфекциясының таралуына және оның компания қызметіне кері ықпал етуіне жол бермеу бойынша алдын алу шараларының жоспарын әзірледі, 17 наурыз 2020 жыл, Толығырақ