«ERG Microfinance» микроқаржы ұйымы» ЖШС

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар. Лицензия Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Астана қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасымен берілді. Лицензия нөмірі - 01.21.0007.М, берілген күні 26.02.2021 жыл.
Топ Кәсіпорындарының қызметкерлеріне микрокредит беру жөніндегі қызметті жүзеге асырады.
«Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес микрокредиттер беруден басқа мынадай операцияларды жүзеге асыруға құқылы:

 

  1. Қазақстан Республикасының резиденттерінен және бейрезиденттерінен қарыз тарту (кәсіпкерлік қызмет ретінде азаматтардан қарыз түрінде ақша тартуды қоспағанда);
  2. өз активтерін бағалы қағаздарға және өзге де қаржы құралдарына инвестициялау;
  3. микрокредиттер беру жөніндегі қызметке байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызметтер көрсету;
  4. өз мүлкін мүліктік жалға (жалдауға) беру;
  5. меншікті мүлкін өткізу;
  6. лизингтік қызметті жүзеге асыру;
  7. ақпарат жеткізгіштердің кез келген түрінде микроқаржы ұйымдары қызметінің мәселелері бойынша арнаулы әдебиетті өткізу;
  8. төлем агентінің және қосалқы төлем агентінің функцияларын жүзеге асыру;
  9. Қазақстан Республикасы резидент-сақтандыру ұйымдарының атынан және тапсырмасы бойынша сақтандыру агенті ретінде сақтандыру шарттарын жасасу;
  10. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электрондық ақша жүйесі агентінің функцияларын жүзеге асыру;
  11. факторингтік операциялар: тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушыдан төлем жасамау тәуекелін қабылдай отырып, төлемді талап ету құқықтарын сатып алу;
  12. форфейтингтік операциялар (форфетирлеу): тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушының борыштық міндеттемесін сатушыға айналым түспейтін жолмен вексель сатып алу арқылы төлеу;
  13. кепілдіктерді, кепілгерліктерді және ақшалай нысанда орындауды көздейтін өзге де міндеттемелерді беру.

 

2008 жылы құрылды.

 

Қызметкерлерінің саны – 5 адам.

 

Заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Мәнгілік Ел даңғылы, 43.

 

Тел: +7/7172/612-801, 612-802, 612-803, 612-800.

 

Хабарландыру:
Есептер: