«ERG Microfinance» микроқаржы ұйымы» ЖШС
Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар. Лицензия Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Астана қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасымен берілді. Лицензия нөмірі - 01.21.0007.М, берілген күні 26.02.2021 жыл.
Топ Кәсіпорындарының қызметкерлеріне микрокредит беру жөніндегі қызметті жүзеге асырады.
«Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес микрокредиттер беруден басқа мынадай операцияларды жүзеге асыруға құқылы:
- Қазақстан Республикасының резиденттерінен және бейрезиденттерінен қарыз тарту (кәсіпкерлік қызмет ретінде азаматтардан қарыз түрінде ақша тартуды қоспағанда);
- өз активтерін бағалы қағаздарға және өзге де қаржы құралдарына инвестициялау;
- микрокредиттер беру жөніндегі қызметке байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызметтер көрсету;
- өз мүлкін мүліктік жалға (жалдауға) беру;
- меншікті мүлкін өткізу;
- лизингтік қызметті жүзеге асыру;
- ақпарат жеткізгіштердің кез келген түрінде микроқаржы ұйымдары қызметінің мәселелері бойынша арнаулы әдебиетті өткізу;
- төлем агентінің және қосалқы төлем агентінің функцияларын жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасы резидент-сақтандыру ұйымдарының атынан және тапсырмасы бойынша сақтандыру агенті ретінде сақтандыру шарттарын жасасу;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электрондық ақша жүйесі агентінің функцияларын жүзеге асыру;
- факторингтік операциялар: тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушыдан төлем жасамау тәуекелін қабылдай отырып, төлемді талап ету құқықтарын сатып алу;
- форфейтингтік операциялар (форфетирлеу): тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушының борыштық міндеттемесін сатушыға айналым түспейтін жолмен вексель сатып алу арқылы төлеу;
- кепілдіктерді, кепілгерліктерді және ақшалай нысанда орындауды көздейтін өзге де міндеттемелерді беру.
2008 жылы құрылды.
Қызметкерлерінің саны – 5 адам.
Заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Мәнгілік Ел даңғылы, 43.
Тел: +7/7172/612-801, 612-802, 612-803, 612-800.