
Есенжолов Арман Бекетұлы
Ақтөбе ферроқорытпа зауытында 20 жылдан астам еңбек етіп: балқытушыдан бас инженерге дейін өрлеген.
Ақсу ферроқорытпа зауытын басқарды. «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ вице-президенті қызметін атқарған. Үш жылдан астам уақыт «Қазақстан алюминийі» АҚ басқарды.

Белогривый Леонид Анатольевич
ERG-де еңбек етіп келе жатқанына 32 жылдан асты.
Павлодар алюминий зауытында глинозем өндірісінің жылу процестерінің автоматикасы және жылутехникалық бақылау құралдарын жөндеу электр слесарінен глинозем және химия-металлургия өндірісінің БӨАжА құралдарын пайдалану бөлімшесі учаскесінің бастығы қызметіне дейін өскен.

Шахажанов Серік Кәрімжанұлы
ERG-дегі еңбек жолын 2001 жылы Ақсу ферроқорытпа зауытының қаржы бөлімінде экономист қызметінен бастады.
Кейін Ақтөбе ферроқорытпа зауытының қаржы бөліміне, одан соң «Қазхром» ТҰК» АҚ Қазынашылық департаментіне жетекшілік етті.
«Қазхром» ТҰК» АҚ қаржы жөніндегі вице-президенті қызметін атқарды.