Назад

Ақпанның 18-і мен 19-ы күндері 27 оқу орнында бірегей шара – ERG күні өтті

20.02.2020

Ақпанның 18-і мен 19-ы күндері 27 оқу орнында бірегей шара – ERG күні өтті

Ақпанның 18-і мен 19-ы күндері 27 оқу орнында бірегей шара – ERG күні өтті. Бұл «ERG-дегі болашақ» атты кең ауқымды бағдарламаның дарынды жастарды өндірістік мамандықтарға тартуға арналған бағыты. Биыл оған елдің төрт тарабында білім алып жүрген 3500 студент қатысты.

Павлодар, Қарағанды, Ақтөбе, Қостанай, Екібастұз бен Ақсу, Рудный мен Лисаковск қалаларында студенттермен жүздесулер өтті. Осындай шараны келер аптада Нұр-Сұлтандағы Назарбаев Университетте өткізу жоспарланып отыр.

Шараға өндіріс шеберлері, кәсіпорындардағы HR қызмет өкілдері мен жастар кеңесінің белсенділері қатысқан. Олар жастарға компания мен кәсіби бағдарлауды қамтитын «ERG-дегі болашақ» атты кең ауқымды бағдарламаны таныстырып, Топ кәсіпорындарының ерекшеліктеріне тоқталды.

Өндіріс көшбасшылары мен ERG-дің жас мамандары өз өмірлерін мысалға келтіре отырып, компанияда мансаптық өсу сатыларын, ондағы мүмкіндіктер туралы ашып айтты. Одан бөлек, Топ кәсіпорындарында бүгін тапшы болып отырған мамандықтар жайлы да студенттерге мәлімет берді. Оның үстіне, жұмыс орнын таңдаған кезде бәсекеге қабілетті артықшылық ретінде әлеуметтік кепілдіктер барын баса айтқан болатын. Топтың әлеуметтік кепілдігі қатарында – медициналық сақтандыру, тамақтану, жұмыс пен үйге жеткізу, жыл нәтижесі бойынша сыйақы беру, өндіріс мамандарының демалысына қосымша күндер мен санаторлы-курорттық карталарға жеңілдік, кәсіби өрлеуге сеп болар ішкі және сыртқы тренингтер, компанияның тұрғын үй бағдарламасы сынды артықшылықтарды атап айтуға болады.

– Мамандыққа бағдарлау – компанияға талантты жастарды тартудың ең басым бағыты, – деді Еуразиялық Топтың жастар саясаты жөніндегі менеджері Шаттық Әбдіхалықов. – Біздің міндет сыртқы потенциалды кадрлық резерв әзірлеу. «ERG-дегі болашақ» атты бағдарламаға орташа балы (GPA) 3.0-ден кем емес жастар қатыса алады. Олардың ғылыми жұмыстары, меңгерген сала бойынша сертификаттары, марапаттары мен шәкіртақылары бар болса тіптен жақсы.

Шараға қатысушыларға Топ бұдан ары кәсіби бағдарлау шараларын: ERG кәсіпорындарындағы ашық есік күні, Нұр-Сұлтан қаласында ERG-дің ІІ ғылыми-техникалық конференциясы өткізілетінінен хабардар етілді.

– ERG  алдына межелі міндеттер қойып отыр. Оларға қол жеткізу үшін кәсіби білікті, дарынды командаға сенеміз, – деді Еуразиялық Топ басқарма төрағасының персонал және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Инна Губарева. – Біз өз мамандарымызға сеніміз. Әрі өзіміздің үлкен ұжымымызға мақсаткер, белсенді де жауапты жастарды қабылдауға әзірміз.