Назад

Eurasian Resources Group батареяларға қажетті материалдар өндіретін зауыт салуды жоспарлап отыр

19.02.2020

Eurasian Resources Group батареяларға қажетті материалдар өндіретін  зауыт салуды жоспарлап отыр

ERG литий-ионды батареяларға қажетті прекурсорлар өндіретін зауыт салу мүмкіндігін қарастырып жатыр. ERG-дің Конго Демократиялық Республикасындағы (КДР) Metalkol RTR кәсіпорны өндіріске қажетті кобальт гидроксидін бірегей өндірушіге айнала алады.

Компания шығаратын кобальт базасындағы осылайша вертикалды кіріктірілген өндіріс ERG-дің бұл нарықтағы стратегиялық жеткізуші ретіндегі ролін нығайта түспек. Әрі ол электромобиль өндірісінде пайдаланылатын батареяларға материалдар жеткізу тізбегінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз етіп отыр.

Табиғи ресурстарды өндіру мен байыту саласындағы жетекші халықаралық компания Eurasian Resources Group (ERG немесе Топ) электромобиль өндіруге арналған батареяларда қолданылатын никель-кобальт-марганцті (NCM) прекурсорлар шығаратын зауыт салу мүмкіндіктерін қарастырып жатқанын жариялады. 

Топ танымал инжиниринг компаниялары – қытайлық BGRIMM Technology Group пен финляндиялық Outotec ұсынған техникалық шешімдерді саралап жатыр. Қуантарлығы ол саладағы сұранысқа байланысты өнімдегі никель, кобальт пен марганец үлесін 6:2:2 немесе 8:1:1 етіп шұғыл өзгертуге мүмкіндік бермек. Зауыт салу жобасын екі кезеңде жүзеге асыру көзделген. Зауыттың алғашқы кезеңі 2 жылда салынып, жылына 90 мың тонна прекурсорлар өндіріледі деп күтілуде. Ал өндіріс қуатын одан ары ұлғатуға қатысты нақты шешім сол тұстағы нарық жағдайларына байланысты болмақ.

ERG-дің Бас атқарушы директоры Бенедикт Соботка: «Жасыл экономика тұжырымдамасы Топтың күнделікті қызметінде басшылыққа алынып, әлемдік аккумуляторлық батареялар нарығына арналған материал жеткізілімдерін қаматамасыз етудегі біздің ұстанымдарымызда көрініс табады. Топ Еуропа елдері, Солтүстік Америка мен Оңтүстік Корея, Жапониядағы батареялар мен электромобильдер өндірушілердің күн сайын ұлғайып келе жатқан сұранысын қанағаттандырудағы маңызды міндеттерді мойнына алды. Әрі ол кобальт жеткізілімдерінің ашықтығы мен айқындығы және орнықты даму қағидаттарына түгел сай келеді. Қазіргі таңда Топ серіктестерімен тізе қосып, прекурсорлар өндіретін зауыт салу мүмкіндіктерін қарастырып жатыр. Жобаны түрлі елдерде жүзеге асыру жайы да қарастырылуда»,– деп атап айтты.

ERG-дің Конго Демократиялық Республикасындағы (КДР) кәсіпорны – Metalkol RTR өндіріске қажетті кобальт гидроксидін бірегей өндірушіге айнала алады. Metalkol RTR қызметі орнықты және жауапты дамудың барлық озық тәжірибелеріне сай әрі ERG-дің «Таза кобальт» бағдарламасына сәйкес жүргізіледі.

Metalkol RTR – жылдар бойы қордаланып, жиналған өндіріс қалдықтарын қайта өңдеп, қоршаған ортаны қалпына келтіріп жоғарысапалы котод мысы мен кобальт гидроксидін өндіретін кәсіпорын. Екінші кезек аясында өндіріс қуатын ұлғайтуға бағытталған шаралар нәтижесінде  Metalkol RTR кәсіпорны әлемдегі ең ірі кобальт өндірушілердің біріне айналады.

Салынатын прекурсорлар өндіруші кәсіпорынға қажетті никель сульфатын Топ нарықтан сатып алуды немесе өзінде бар шикізат – никель гидроксидінен (MHP) немесе никель сульфидінен (MSP) алуды жоспарлап отыр.

«Біз қарқынды өсіп келе жатқан батареялар секторына материалдың жауапты жеткізілімдер тізбегін қамтамасыз ету міндетін көріп отырмыз. 2030 жылға қарай бұл секторда 19 мәрте өседі деп күтілуде. Таяуда аккумуляторлық батареялар нарығына арналған Жаһандық Альянс және 70-ке жуық халықаралық ұйымдарды біріктірген мемлекет жеке меншік серіктестігі, соның ішінде Альянстың негізін қалаушы серіктестерінің бірі – ERG жариялаған есепте осылай делінген», – деді Соботка мырза.