Назад

ССКӨБ-тің ауыр жүк көліктеріне жаңа қауіпсіздік жүйесі орнатылады

18.02.2020

ССКӨБ-тің ауыр жүк көліктеріне жаңа қауіпсіздік жүйесі орнатылады

ССКӨБ-тегі САТ-777 кеніш автосамосвалдарына ANSUL LT-A-101 өрт сөндіру жүйесін орнату жүріп жатыр. Ол техника өртенген жағдайда жүргізуші мен машинаның толық қорғалуына кепілдік береді.

Американдық ANSUL өрт сөндіру жүйесі – ССКӨБ автопаркіндегі ноу-хау. Ол тау-кен жабдықтарындағы өртті тиімді сөндіре алады. Өрт болған жағдайда, жүргізуші салонында орналасқан басқару блогы арқылы А-101 қондырғысы өрттің пайда болу қаупі туралы дабыл ескертуін береді және өртті сөндіру жүйесін автоматты режимде іске қосады.

– Бұл жүйе тау-кен жабдығы мен көліктеріне арналған, –  деді жабдықты орнатып жатқан компанияның өкілі Раиф Алтынбаев. – Ол ауыстырылатын картридждері бар блокты ұнтақты қондырғы мен саптамалары бар стационарлы құбырдан тұрады. Осының барлығы құрылғы жұмысының нақты, қарапайым алгоритмін қамтамасыз етеді.

Автономды режимді қашықтан қолмен іске қосқыштар сақтандырады. Оларды тікелей жерден пайдалануға болады. Олар шұғыл эвакуация жолдарында қолжетімді деңгейде орналастырылған, тағы бір қолмен іске қосқыш кабинада орналасқан. Басқару блогынан басқа қондырғыда өрт сөндіргіш пен тарату түтіктері бар резервуар бар. Сөндіру агенті – ұнтақтың жарамдылық мерзімі 25 жыл, оның тағы бір артықшылығы – жұмыс температурасының кең жиілігі.

– ERG үшін, демек, ССКӨБ үшін қауіпсіздік – бұл қызметкерлердің жұмысындағы ең маңызды басымдық, – деді «ССКӨБ» АҚ Көлік кешені автокөлік учаскесінің автоколонна бастығы Александр Меньшов. – Пайдалы қазбаларды өндірумен және өңдеумен байланысты қауіп-қатерлер өте жоғары, сондықтан біз қызметкерлерді қауіпсіз еңбек жағдайларымен қамтамасыз етуге міндеттіміз. Өрт сөндіру жүйесі бұл жағдайда технологиялық көлік жүргізушілері үшін басты кепілдік болып табылады.

ANSUL LT-A-101 жүйесін машинаға орнату үшін екі күн қажет. Ақпан-наурызда 20 «Caterpillar» ауыр жүк көлігі қамтылмақ. Одан кейін кезек «Hitachi» самосвалында