Назад

Ақсу ферроқорытпа зауыты былтыр миллион тонна қожды қайта өңдеді

14.02.2020

Ақсу ферроқорытпа зауыты былтыр миллион тонна қожды қайта өңдеді

ERG құрамындағы (Еуразиялық Топ) «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы – Ақсу ферроқорытпа зауыты 2019 жылы 960 мың тоннадан астам хром қожын қайта өңдеген. Оған қоса қуатты газ тазарту қондырғылары қармап қалған 24 мың тоннадан астам шаң да өндіріс қажетіне қайта жаратты.

Табиғатты қорғау мәселелері отандық металлургия алыбының өндірістік міндеттеріне барынша кіріктірілген. Жаңа экологиялық қауіпсіз технологияларды енгізу өндірістік қызметтің зардаптарын барынша азайтуға бағытталған көптеген шаралардың қатарында тиянықты іске асырылып жатыр. Ақсу ферроқорытпа зауытында осы бағытта жетекші рөл ферроқорытпа өндірісінің негізгі қалдықтары – қожды қайта өңдеу. 2021 жылы қалдықтарды басқарудың жоғары талаптарын көздейтін Қазақстан Республикасының жаңа Экологиялық кодексінің күшіне ену қарсаңында бұл мәселе тіптен өзекті.

– Өндірісте бірнеше рет пайдалану арқасында қазір қож үйінділерде сақталмайды, - деді кәсіпорын директоры Сергей Прокопьев. – Сонымен қатар, біз зауыт аумағында қордаланып жатып, ескірген қалдықтарды да біртіндеп өңдейміз. Нәтижесінде тұтынушыға жіберуге жарамды тауарлы феррохром, өндіріске және жолға төселетін қиыршықтар мен металл концентратын ала аламыз.   

Пештерде пайда болатын және газ тазарту қондырғылары қармап қалатын шаң да өндіріс қажетіне жарап жатыр. Оның құрамында 30 пайызға дейін баратын жетекші элемент бар және зауыттың агломерация цехы үшін бұл тамаша шикізат. 2019 жылы пешке қайтарылатын қалдық материалдардан шамамен 250 мың тонна агломерат өндірілді. Осындай көлемге қол жеткізу үшін агломерация цехы тек Ақсу ғана емес, сонымен қатар «Қазхром» ТҰК» АҚ-ның тағы бір құрылымдық бөлімшесі – Ақтөбе ферроқорытпа зауытының шаңын да өңдейді. 

2019 жыл қорытындысында кәсіпорын экологиялық бағдарламаларды жүзеге асыруға шамамен 8 миллиард теңге жұмсаған. Негізгі жобалардың бірі –осы жылы іске қосылуы жоспарланған № 44 пешке арналған жаңа газ тазарту кешенінің құрылысын бастау және қолданыстағы газ өңдеу жүйелеріндегі сүзгілерді ауыстыру.