Назад

Жаңа магистралдық тепловоз ССКӨБ-тегі кенді тасымалдау уақытын қысқартпақ

30.01.2020

Жаңа магистралдық тепловоз  ССКӨБ-тегі кенді тасымалдау уақытын қысқартпақ

ССКӨБ Қашар тау-кен өндіру кешенінің тепловоз және теміржол кранын пайдалану учаскесінің қызметкерлері Ресейде шығарылған жаңа өнімге ие болды. Магистралдық тепловоз кәсіпорынның инвестициялық бағдарламасы аясында сатып алынды. Құны – 2,2 млрд теңге.

Ауыспалы тарту күшімен басқарылатын айнымалы-тұрақты токтың электр берілісі бар екі секциялы 2ТЭ25КМ магистралдық жүк тепловозы бір мезетте салмағы 4000 тоннадан асатын 40 вагоннан астам шикі кенді тасымалдай алады. Оның қуаты – 7 200 ат күші. Өндірісте бүгін қолданылып жүрген  қуат – 3000 ат күшінен екі есе көп.

– Қазір жаңа техниканы іске қосу жұмыстары аяқталуға жақын, – деді ССКӨБ Қашар тау-кен өндіру кешенінің тепловоз және теміржол кранын пайдалану учаскесінің басшысы Нұрлаш Бегдаутов. – Сонымен қатар, төрт локомотив бригадасы жабдықтарды басқаруға оқып, түйді. Қызметкерлер немістің «Хайсман» басқару жүйесін игеріп жатыр. Жаңа тепловоз шикі кенді Қашар алаңындағы «Қайта жүктеу» бекетінен Рудныйдағы «Тас ұсақтау» бекетіне тасымалдайтын болады.

– Бұл – су жаңа локомотив модификациясы. Оның өндірісі 2015 жылы басталды, – деді Брянск машина жасау зауытының тепловоздарды жөндеу және кепілдік қызмет көрсету  маманы Константин Циркунов. – Мұнда микропроцессорды басқару жүйесінен кабинадағы микроклиматқа дейін, яғни қазіргі заманның барлық талаптары ескерілген.

2TЭ25KM магистралды тепловозының жұмысы бірлестіктің теміржол инфрақұрылымын пайдалану тиімділігін арттырады, жүктерді жеткізу уақытын қысқартады.

– Өте керемет техника өзін тек жақсы қырынан көрсетеріне сенімдімін, – деді Қашар тау-кен өндіру кешенінің тепловоз және теміржол кранын пайдалану учаскесінің тепловоз машинисі Андрей Дзядзин. – Мен 10 жылдай локомотив машинисі болып жұмыс істеп келемін. Сонда да бүгінде локомотив басқаруды қайта оқу керектігі еш қорқытпайды. Негізгі артықшылық – қазіргі заманғы технологиялар. Бұл дегеніміз, жаңа технологиялар ескіге «сау болыңыз» деп қол бұлғап тұр.

Локомотив бригадаларының жұмыс және қауіпсіздік жағдайлары да бір жақсарды. Қандай да бір ақау орын алса, орнатылған датчиктер туындаған мәселелерді бірден көрсетеді.  Бұл елеулі бұзылулардың алдын алады. Кабиналар тоңазытқышпен, қысқатолқынды пештермен, кондиционермен жабдықталған. Локомотив істен шыққан кезде де жылу жүйесі теміржолшылардың тоңып қалуына жол бермейді.

Осы жылы Рудныйға TЭM18ДM сериялы жаңа маневрлік тепловоз да сатып алынбақ. Оның міндеті – дайын өнімді тасымалдау.