Назад

«Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі байқауының Бас жүлдесін ERG тағы бір мәрте жеңіп алды

13.12.2019

«Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі байқауының Бас жүлдесін  ERG тағы бір мәрте жеңіп алды

Қазіргі таңда ERG-дің Қазақстандағы кәсіпорындарында 60 мыңнан астам адам еңбек етіп жүр. Компания бірінші кезекте олардың еңбекақыларының мөлшері лайықты деңгейде болуына, әлеуметтік жеңілдіктер мен кепілдіктерге ерекше көңіл бөледі. Мәселен 2019 жылдың қаңтар айында Топ өндірістік кәсіпорындарда еңбек етіп жүрген мамандардың еңбекақысын орта есеппен  9-14% өсірген. Осылайша еңбекақы мөлшері 2016 жылдан бері үшінші мәрте жоғарылаған. Оның үстіне алдағы қаңтардың 1-інен бастап өндірістік персоналдың еңбекақысы тағы 6-18% ұлғайтылады.       

ERG Қазақстанның ең ірі салық төлеушілерінің алғашқы бестігінде әрі «Туған өңірлеріндегі» елді мекендерде маңызды роль атқарады. Топ кәсіпорындары тұрғындарды тек еңбекпен қамтып қана қоймай, электр және жылу энергиясымен қамдау, тұрғын үй салу, инфрақұрылым мен білім беру саласын дамыту сынды әлеуметтік маңызы бар бірқатар қызметтерді де қатар атқарып отыр.

Компания ERG кәсіпорындары орналасқан облыстарда әлеуметтік инвестиция бағдарламаларын жүзеге асыру арқылы өмір сүруге барынша қолайлы жағдай жасауға талпынады. Ол қайырымдылық, демеушілік формасында, сондай-ақ  жыл сайын «Туған өңірлер» – Ақтөбе, Қостанай, Павлодар мен Қарағанды облыстарының әкімдіктерімен өзара әріптестік туралы Меморандумдар аясында жүзеге асырылады. 

   2013 пен 2018 жылдар аралығында ERG Қазақстанның 7 облысында және республика деңгейінде 1 400-ден астам әлеуметтік жобаны жүзеге асырған. Топтың бұл мақсатқа құйған инвестицияларының көлемі 112 млрд теңгеден асты.

Әкімдіктермен жасалатын Меморандумдар аясында соңғы 6 жылда Қазақстанның төрт  өңірінде әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға 27,5 млрд теңге бөлінген. Бұл – ERG-дің жалпы әлеуметтік инвестицияларының төрттен біріне жуықтайды.

Қаражаттың басым бөлігі инфрақұрылымды дамытуға, атап айтқанда спорттық, мәдени және коммуналдық нысандарды салу мен қалпына келтіру, балалар алаңдары мен саябақтарды абаттандыру, жол жөндеу және басқа да бағыттарға жұмсалады. Қаржыландыру көлемі бойынша саламатты өмір салтын насихаттау мен спорттық шараларды ұйымдастыру екінші орында. Үштікті әлеуметтік аз қамтылған топтарға (жетім балалар, зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандар, ардагерлерге) көмек көрсету түйіндеп тұр.

Туындап жатқан өзекті әлеуметтік-экономикалық проблемаларды   шешіп, аймақтардың дамуындағы басым бағыттарды айқындау үшін 2016 жылдан бері кең ауқымды «Родные города» – «Туған жер» бағдарламасы жүзеге асырыла бастады. Осылайша, ERG жекелеген бастамалардан ауқымды, стратегиялық жүйелі іске көшті. 2017-2018 жылдары бағдарламаны жүзеге асыру аясында ERG-дің «Туған өңірлерінде» қалалық ортаның қазіргі ахуалына талдау жүргізілді. Онда тұрғын үй қорының стандарттары, көлік инфрақұрылымы, сумен қамту және кәріз жүйелері, электр қуатымен қамту инфрақұрылымы, денсаулық сақтау мен білім беру жүйесі сараланған.

 2018 жылы алғаш рет қызметкерлер мен өңір тұрғындары арасында әлеуметтік зерттеу жүргізілді. Сауалнама Топ кәсіпорындары орналасқан Ақтөбе, Қостанай мен Павлодар облысының елді мекендерін (Хромтау, Рудный, Лисаковск, Октябрьский кенті, Ақсу, Қашар мен Екібастұз, Павлодар қалаларын) қамтыды.

Осы ауқымды жұмыстың нәтижесіне негізделе отырып, Топ кәсіпорындары орналасқан өңірлерді ұзақмерзімді әлеуметтік-экономикалық қолдаудың жаңа Стратегиясын әзірленді. Әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамытудың түйткілді проблемаларын шешу үшін әкімдіктермен бірлесе отырып аймақтарды дамытудың үш жылдық Бағдарламасы әзірленді.

Сондай-ақ, «Туған қалаларда» Топ жыл сайын «ERG қаласы» атты әлеуметтік жобалар байқауын ұйымдастырады. Ол қоғамдық сана мен қызметкерлердің әлеуметтік бастамаларын ынталандыру үшін қолға алынған. Жеңімпаздардың жобасы ERG мен облыс әкімдіктері арасында жасалатын өзара әріптестік туралы Меморандумдар аясында қаржыландырылып, жүзеге асырылып келеді.

– Біз үшін компанияның мерейлі кезеңінде бұл мәртебелі марапатты алу – үлкен құрмет, – деп айтап атты Eurasian Resources Group Директорлары кеңесінің төрағасы Александр Машкевич. – Біз өзімізге сенім артқан – мемлекет пен қазақстандық қоғам тарапынан берілген мұндай бағаны мақтан тұтамыз. Біз жүзеге асырып жатқан әлеуметтік жобалардың барлығы Қазақстанның өңірлері үшін өзекті түйткілдерді шешуді көздейді. Тұрғындармен және қызметкерлермен тығыз әріпестік нәтижесінде біз оларды алаңдатқан түйткілді мәселелерге уақытылы жауап қата аламыз. Осы орайда, ERG-дің «Туған өңірлеріне» құйылған стратегиялық әлеуметтік инвестициялары таяу арада аймаққа нақты өзгерістер әкеліп, ұзақмерзімді перспективада ондағы өмір сүру мен жұмыс жағдайын жақсартуға сеп боларына сенімдіміз. Өйткені 25 жыл іргелі істердің бастауы!