Назад

Eurasian Resources Group Дүниежүзілік экономикалық форуммен бірлесіп, жеткізілімдерді жауапты іріктеу жобасын жүзеге асыра бастады

28.10.2019

Eurasian Resources Group Дүниежүзілік экономикалық форуммен бірлесіп, жеткізілімдерді жауапты іріктеу жобасын жүзеге асыра бастады

Табиғи ресурстарды өндіру мен байыту саласындағы әлемдегі жетекші әртараптандырылған Eurasian Resources Group («ERG», немесе «Топ») компаниясы  Дүниежүзілік экономикалық форуммен күш біріктірген тау-кен металлургия саласының жетекші 7 компаниясы қатарында әлемдік нарықта шикізат жеткізушілерді іріктеудің жауапты қағидасына көше бастады. Antofagasta Minerals, Glencore, Klöckner & Co, Minsur SA, Tata Steel Limited и AngloAmerican/De Beers (Tracr) компаниялары қатарында ERG де аталған бастаманың құрылтайшылары қатарына енді.

 

Жоба тау-кен өндірісі мен металлургия салаларының ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету үшін блокчейн-технологияларды әзірлеуді көздейді. Ол материалдардың жеткізілімдерін бақылауға, парниктік газ шығарылымдары туралы есептің сапасын жақсартып, тиімділікті арттыруға сеп болады.  

 

«Бұл жоба сала өкілдерінің жеткізілімдерді жауапты таңдауды қамтамасыз ету жолында  блокчейн-технологиялар саласындағы өзара әрекеттестікке деген ұмтылысына сай келеді, – деді  ERG-дің Бас атқарушы директоры Бенедикт Соботка. — Күш біріктіре отырып, біз барша сала бойынша енгізуге болатын әрі құндылық құрау тізбегінің барлық құрамын қамтитын шешімдер әзірлеуге талпынамыз».

 

ДЭФ бірлескен жоба жайындағы толымды ақпарат