Назад

Baribar.kz - Eurasian Resources Group 2018 жылғы Орнықты даму жөніндегі есебін жариялады

15.10.2019

Топ Қазақстанда өзінің өндіріс қызметін жақсартуды жалғастырған. Оған бизнесті тансформациялау мен операциялық тиімділік пен активтер портфелін дамыту бастамалары оң ықпал етті.

Табиғи ресурстарды өндіру мен байыту саласындағы әлемдегі жетекші Eurasian Resources Group (ERG немесе Топ) компаниясы 2018 жылғы Орнықты даму жөніндегі есебін жариялады. Онда Топтың бизнес-стратегиясының негізін қалыптастыратын ұзақмерзімді орнықты дамуды қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстың нәтижелері көрсетілген.

Біз компанияны ұзақмерзімді перспективада стейкхолдерлердің кең ауқымына құндылықтар құрай алатындай етуге талпынамыз әрі 2018 жылы көптеген маңызды нәтижеге қол жеткіздік. Стратегиямыздың аясында біз 2019 жылдың басында БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттарын қамтитын Жаһандық келісімге қосылдық және негізгі бастамаларды қолдаймыз, - деді ERG-дің Бас атқарушы директоры Бенедикт Соботка.

Топ 2018 жылы бизнестің жалпы тиімділігін арттыруға сеп болатын бірқатар шараны қолға алған. Ол ұзақмерзімді орнықты дамуды қамтамасыз етуге қажет. Мәселен, үздіксіз жетілдіру бағдарламаларын қамтыған ERG WAY өндірістік жүйесін енгізу. Ол өнімді шығарудың барлық кезеңінде тиімділікті қамтамасыз етуді көздейді. Бұған қоса, бизнес процестердің тиімділігін қамтамасыз етуді көздеген ERG-дің бизнес жүйесі бар. Жобаларды тиімді басқарып, кешенді бағдарлауға көзқарасты жетілдіріп, тау-кен жұмысын жоспарлауды жақсарту үшін дербес ERG Capital Projects компаниясы құрылды. ERG кезекті Инноваторлар форумын өткізіп, "Идеялар фабрикасын" өткізу тәжірибесін кеңінен тарата түсті. 2018 жылы қызметкерлерден 3 000-нан астам ұсыныс түсіп, соның 1 600-ін жүзеге асыру басталған. 2018 жылғы Орнықты даму жөніндегі есеп. Инфографика: Eurasian Resources Group

Топ өндірісін 4.0 Индустриясы талаптарына сай болуын қамтамасыз етуге жүйелі даярлық жұмысын бастады. Соның ішінде ауқымды деректерді саралау мен өндірістік қызметті цифрландыру да бар. Өндірістік процестерді басқарудың бірыңғай жүйесін (Manufacturing Execution System) енгізуді даярлап жатыр. Жеткізілімдердің жауапты тізбегін қамтамасыз ету аясында Топ IBM тұғырнамасындағы блокчейн технологияларына негізделген шешімдерді жүзеге асыратын пилот жобаны қолға алған. Топ Қазақстанда Астана халықаралық қаржы орталығымен және Astana Hub халықаралық ІТ-стартаптар технопаркімен әріптестік орнатқан. Ол ERG қызметіне қажетті жаңа сандық шешімдерді әзірлеуге қажетті технологиялық стартаптар саласындағы серіктестікті көздейді.

Топ негізінен кәсіпорындары орналасқан өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен ондағы жергілікті қауымдастықтардың әл-ауқатын арттыруға сүбелі үлес қосуды жалғастырды. Қазақстанда ERG қолдаған STEM-зертханаларда бүгінде 9 мың оқушы білім алып жүр. Бұған қоса, Топ "Студенттер кәсіпкерлігінің эко-жүйесі" жобасы аясында жастарға қолдау көрсетіп, жаңа жұмыс орындарының ашылуына септесті. Қазіргі таңда 9 жоғарғы оқу орны мен колледжде жүзеге асырылып жатқан бұл бастамаға 5 мың студент жұмылдырылған.

Африка мен Латын Америкасында жүзеге асырылып жатқан бастамалар да Топтың дүниетанымындағы жергілікті қауымдастықтарды дамытуға көзқарасына негізделген. Мәселен, Конго Демократиялық Республикасында ERG сапалы білім беру мүмкіндіктерін кеңейтуге талпынады. Әрі осы жергілікті қауымдастықтар үшін өте өзекті болып келген ауызсу түйткілін шешуге септескен. 2018 жылы Топ жергілікті тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтуға $582 ивнестиция құйды. Нәтижесінде күн батареяларынан қуат алып, жұмыс істейтін сорғылар орнатылған. Оған қоса, ERG ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында жергілікті қауымдастықтың 500 өкілін қажет тұқым қоры, жабдық және техникамен қамтамасыз етті. Бразилияда да ERG таза ауызсу тапшылығы түйткілін шешіп, 15 отбасы шаруа қожалығын ауыл шаруашылығына қажет сумен қамтамасыз етті.

Орнықты даму жөніндегі есептің толық мәтінімен мына сілтемеге өтіп, таныса аласыздар - Еrg.kz.

Жергілікті қауымдастықтарды дамыту мен олардың әл-ауқаты

ERG кәсіпорындары орналасқан өңірлер мен ондағы жергілікті қауымдастықтарды дамытуға $115 миллион әлеуметтік инвестиция құйды.

Қазақстандағы "Студенттер кәсіпкерлігінің экожүйесі" бағдарламасына қатысушылар саны - 5000.

Қазақстанның шалғай қалаларында 9000 оқушыға арнап, 11 STEM-зертхана салуға ERG $235 мың жұмсады. Бағдаралама мемлекеттік білім беру мекемелері және қайырымдылық ұйымдарымен бірлесе отырып, жүзеге асырылып жатыр.

Төленген салық - $606 миллион.

Қазақстандағы жергілікті өндірушілерден сатып алулар - $918 миллион.

Әлеуметтік инвестициялар - $108 миллион.

Стратегиялық серіктестермен әріптесе отырып, Қазақстандағы "ақылды қалаларды" қолдау.

КДР-да (Африка) жергілікті халықпен бірлесіп, Орнықты ауыл шаруашылығын дамытуға талпынып жатыр. Осылайша ауыл шаруашылығын дамыту 500 жергілікті тұрғын қолдау тапты.

Бразилия 15 шаруа қожалығы таза суға қол жеткізді.

Халықаралық "Қайырымды пастор" қорымен серіктесе отырып, 1 929 бала, 500-ден астам әйел мен қызға қамқор әрі қорған болды.

КДР-дағы күн батареяларының көмегімен жұмыс істейтін сорғы қондырғылары арқылы таза ауызсумен қамтамасыз етуге $528 мың бөлінді.

дереккөзі: