Назад

Eurasian Resources Group 2018 жылғы Орнықты даму жөніндегі есебін жариялады

08.10.2019

Табиғи ресурстарды өндіру мен байыту саласындағы әлемдегі жетекші Eurasian Resources Group («ERG», немесе «Топ») компаниясы 2018 жылғы Орнықты даму жөніндегі есебін («Есеп») жариялады. Онда Топтың бизнес-стратегиясының негізін қалыптастыратын ұзақмерзімді орнықты дамуды қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстың нәтижелері көрініс тапқан. 

Топ Қазақстанда өзінің өндіріс қызметін жақсартуды жалғастырған. Оған бизнесті тансформациялау мен операциялық тиімділік пен активтер портфелін дамыту бастамалары оң ықпал етті.    

ERG-дің Бас атқарушы директоры Бенедикт Соботка: «Біз компанияны ұзақмерзімді перспективада стейкхолдерлердің кең ауқымына құндылықтар құрай алатындай етуге талпынамыз, әрі 2018 жылы көптеген маңызды нәтижелерге қол жеткіздік. Стратегиямыз аясында біз 2019 жылдың басында БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттарын қамтитын Жаһандық келісімге қосылдық және негізгі бастамаларды қолдаймыз», - деп атап айтты.

2025 Стратегиясында көрініс тапқан ERG-дің ұстанымдары тек Топтың корпоративтік құндылықтарына негізделіп қана қоймай, өндіріс мәдениетін ұдайы трансформациялауды көздейді. ERG саладағы кең ауқымды реформалар мен орнықты дамуға септесу мақсатында Дүниежүзілік экономикалық Форум сынды халықаралық ұйымдармен әріптесе жұмыс істейді. Соның ішінде Аккумуляторлы батареялар секторына арналған халықаралық альянс пен жемқорлыққа қарсы серіктестік (PACI) сынды пікіралмасу тұғырманаларын да пайдаланды.

 

Топ 2018 жылы бизнестің жалпы тиімділігін арттыруға сеп болатын бірқатар шараларды қолға алған. Ол ұзақмерзімді орнықты дамуды қамтамасыз етуге қажет. Мәселен үздіксіз жетілдіру бағдарламаларын қамтыған ERG WAY өндірістік жүйесін енгізу. Ол өнімді шығарудың барлық кезеңдерінде тиімділікті қамтамасыз етуді көздейді. Бұдан бөлек, бизнес процестердің тиімділігін қамтамасыз етуді көздеген ERG-дің бизнес жүйесі бар. Жобаларды тиімді басқарып, кешенді бағдарлауға көзқарасты жетілдіріп, тау-кен жұмыстарын жоспарлауды жақсарту үшін дербес ERG Capital Projects компаниясы құрылды. ERG кезекті Инноваторлар форумын өткізіп, «Идеялар фабрикасын» өткізу тәжірибесін кеңінен тарата түсті. 2018 жылы қызметкерлерден 3 000-нан астам ұсыныс түсіп, соның 1 600-ін жүзеге асыру басталған. 

 

ERG жарақат алуды мүлдем болдырмау үшін өз кәсіпорындарындағы өндіріс мәдениетін жетілдіруге бағытталған кешенді шараларды жалғастырды. 2018 жылы қызметкерлеріміз арасындағы LTIFR (еңбекке жарымдылықты жоғалтар жарақаттардың қайталану коэффиценті) 2017 жылмен салыстырғанда 15,9% төмендеді. Конго Демократиялық Республикасындағы (КДР) аса ірі мыс пен кобальт өндіруші кәсіпорны Metalkol RTR-ді салу барысында қызметкерлер еңбекке жарамдылықты жоғалтар жарақатсыз 13,2 млн сағат жұмыс атқарды.  

 

Топ өндірісін 4.0 Индустриясы талаптарына сай болуын қамтамасыз етуге жүйелі даярлық жұмыстарын бастады. Соның ішінде ауқымды деректерді саралау мен өндірістік қызметті цифрландыру да бар. Өндірістік процестерді басқарудың бірыңғай жүйесін (Manufacturing Execution System) енгізуге даярлық жүріп жатыр. Жеткізілімдердің жауапты тізбегін қамтамасыз ету аясында Топ IBM тұғырнамасындағы блокчейн технологияларына негізделген шешімдерді жүзеге асырар пилоттық жобаны қолға алған. Топ Қазақстанда Астана халықаралық қаржы орталығымен және «Astana Hub»  халықаралық ІТ-стартаптар технопаркімен әріптестік орнатқан. Ол ERG қызметіне қажетті жаңа сандық шешімдерді әзірлеуге қажетті технологиялық стартаптар саласындағы серіктестікті көздейді.       

 

Конгодағы пайдалы қазбалаларды өндіру саласындағы балалар еңбегін түбегейлі жою үшін Топ халықаралық «Қайырымды постор» қорына қолдау көрсетіп келеді. Өз кезегінде ол Pact коммерциялық емес ұйымымен бірлесіп, Children Out of Mining – Northern Kolwezi бағдарламасын жүзеге асырып жатыр. Осы серіктестік нәтижесінде 1929 баланы қорғап, 300 әйел мен 200 бойжеткен табыстың баламалы көздеріне жол ашар жаңа дағдыларды меңгерді.

 

ERG мойнына алған жауапты бизнес міндеттемелері түрлі өңірлер мен салалардағы қоршаған ортаға тигізер залалды да барынша төмендетуді, тіпті алдын алуды көздейді. 2018 жылы ERG атмосфералық ауаға шығарындыларды азайтуды көздеген ұзақмерзімді Стратегия әзірледі. Ол Топтың Қазақстандағы кәсіпорындарының ауа сапасының еуропалық стандарттарын қамтамасыз етуіне септеседі. 2016-2020 жылдарды қамтитын энергетикалық тиімділікті арттыру бағдарламасы аясында ERG кәсіпорындары электр қуатын тұтыну мөлшерін айтарлықтай азайтты. Мәселен 2018 жылы жалпы электр қуатын тұтыну мөлшері 2 мың тераджоулге қысқарды.

 

2019 жылы ERG қалдық қоймаларға қатысты тәуекелдер мен қатерлерді бағалады. Осы тәуекелдерді реттеу ісінде Топқа септесетін сыртқы сарапшыларды тартуды көздейтін іс-шаралар жоспары әзірленген. Мәселен, Брализияда қалдық қоймасы бөгенінің техникалық жобасы қайта қаралды. Нақтырақ айтсақ, Bahia Mineração (BAMIN)  атты темір кенінін өндіру мен логистиканың кіріктірілген жобасындағы шайылмалы бөгеттің орнына үйлемі түрі салынатын болды.  

 

Топ негізінен кәсіпорындары орналасқан өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен ондағы жергілікті қауымдастықтардың әл-ауқатын арттыруға сүбелі үлес қосуды жалғастырды. Қазақстанда ERG қолдаған STEM-зертханаларда бүгінде 9 мың оқушы білім алып жүр. Бұдан бөлек, Топ «Студенттер кәсіпкерлігінің эко-жүйесі» жобасы аясында жастарға қолдау көрсетіп, жаңа жұмыс орындарының ашылуына септесті. Қазіргі таңда 9 жоғарғы оқу орны мен колледжде жүзеге асырылып жатқан бұл бастамаға 5 мың студент жұмылдырылған.

 

Африка мен Латын Америкасында жүзеге асырылып жатқан бастамалар да Топтың дүниетанымындағы жергілікті қауымдастықтарды дамытуға көзқарасына негізделген. Мәселен, Конго Демократиялық Республикасында ERG сапалы білім беру мүмкіндіктерін кеңейтуге талпынады. Әрі осы жергілікті қауымдастықтар үшін өте өзекті болып келген ауыз су түйткілін шешуге септескен. 2018 жылы Топ жергілікті тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтуға $582 ивнестиция құйды. Нәтижесінде күн батареяларынан қуат алып, жұмыс істейтін сорғылар орнатылған. Оған қоса, ERG ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында жергілікті қауымдастықтың 500 өкілін қажетті тұқым қоры, жабдық және техникамен қамтамасыз етті.

 

Бразилияда да ERG таза ауыз су тапшылығы түйткілін шешіп, 15 отбасылық шаруа қожалығын ауыл шаруашылығына қажетті сумен қамтамасыз етті.

Орнықты даму жөніндегі есептің толық мәтінімен төмендегі сілтемемен таныса аласыздар: https://www.erg.kz/ru/content/ustoychivoe-razvitie/otchet-po-ustoychivomu-razvitiyu