Назад

kostanaytany.kz 19.09.19 – «Арыстан патша» шақырады!

19.09.2019

Кеше «Rudny Cinema» кинотеатрында ағымдағы жылдың шілде айында үлкен экранға шыққан, қазақ тіліне дубляждалған "Арыстан Патша" / "Король лев" фильмінің қайырымдылық көрсетілімі өтті. Іс-шараға ұйымдастырушылар, балалар үйінің 100-ден астам тәрбиеленушісі, көп балалы отбасының балалары, қала халқының әлеуметтік осал топтарынан шыққан балалар қатысты. Фильмнің көрсетілімі алдында ұйымдастырушылар жас көрермендер үшін аниматорлардың қатысуымен ойын-сауық бағдарламасын ұйымдастырылып, тәттілер үлестірді. Көрсетілімді Еуразиялық Топ (ERG) компаниясы мен Еуразиялық банктің қолдауымен «Болашақ» корпоративтік қоры және «Меломан» ұйымдастырып отыр. – Мен голливудтық фильмдерді қазақ тіліне дубляждау бойынша жобаның демеушісі болып табылатын бизнеске, компанияларға үлкен алғысымды білдіргім келеді. Серіктестік қолдаудың арқасында біздің дубляждалған туындылар еліміздің шалғай аудандарындағы балаларға да жақындай түскеніне қуаныштымын. Себебі біздің жобамыздың мәні – қазақ тіліндегі аудиторияға ана тіліміздегі сапалы контенттің қолжетімділігін қамтамасыз ету, – дейді «Болашақ» корпоративтік қор Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Чайжунусова. Айта кетейік, қазан айында ERG мен Еуразиялық банктің қолдауымен дубляждалған «Малефисента. Түнек әміршісі» атты картина кішкене көрермендерге жол тартады. Мұнымен қоса, жақын арада қазақ тіліне тағы бір әлемдік жұмыс дубляждалмақ.

дереккөзі: