Назад

Франк Риттнер «Еуразиялық Топ» ЖШС Басқарма Төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары болып тағайындалды

18.09.2019

2019 жылдың 16 қыркүйегінде «Еуразиялық Топ» ЖШС-іне жалғыз қатысушы – ERG S.a.r.l. компаниясының шешімімен серіктестік Басқармасы құрамындағы өзгерістер бектілді.

«Еуразиялық Топ» ЖШС Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары болып тағайындалған Франк Риттнер Серіктестіктің Басқармасы құрамына енді.

Серіктестіктің Басқарма мүшелері:

Басқарма Төрағасы – Серік Шахажанов,
Басқарма Төрағасының қаржы жөніндегі орынбасары Данияр Равшанұлы Рахматуллаев,
Басқарма Төрағасының заңнама мәселелері жөніндегі орынбасары – Николай Витальевич Корольков,
Басқарма Төрағасының персонал және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары –  Инна Зосимовна Губарева.

Франк Риттнер Дортмунд (Германия) Техникалық университетінде химия ғылымдарының Магистрі дәрежесін алған. Әрі физикалық химия Ph.D Докторы  атанған. Зерттеуші ретінде Германиядағы ең беделді саналатын Феодор Линен шәкіртақысының иегері. 

Франк ірі металлургиялық кәсіпорындар мен озық консалтинг компанияларында еңбек етіп, өндіріс, операциондық тиімділік пен стратегия салаларында 20 жыл тәжірибесін толықтырған.

Әлемдік цинк өндірісінде екінші орыншы еншілеп тұрған Nyrstar (Цюрих, Швейцария) компаниясында өндіріс пен технологияларды жауаптанды. Кейін қазақстандық «Казцинк» компаниясында өндірісті ілгерілетті. Сондай-ақ, Франк Риттнер PwC компаниясында металлургия және тау-кен саласындағы консалтингтік бизнеске жетекшілік етіп, ТМД мен Шығыс Еуропаның 30 елін жауаптанған.