Назад

Еуразиялық Топ (ERG) темір кенін өңдеуге жасанды интеллектіні жұмылдырады

18.09.2019

Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігіндегі темір кені өндірісінің тиімділігін арттыру үшін Еуразиялық Топ (ERG) Redmadrobot Data Lab компаниясымен бірлесе отырып арнайы интеллектуалды жүйе әзірлеп шықты. Қазақстандағы ең ірі өндіріс ошақтарының бірі ретінде ССКӨБ жылына 40 млн тонна темір кенін өңдейді.

Темір кенін өңдеуде сырықты диірменге су мен кенді салудың ең тиімді тәрітібін дұрыс таңдау ерекше маңызды. Оның үстіне конвейер таспасынан өтетін кен фракциясының мөлшерін де есепке алу қажет.

Әзірленген жүйе онлайн режимінде конвейердегі шикізатты саралауға мүмкіндік береді. Видеокамералардан берілген суреттерді компьютерлік оқу технологяилары келіп түсіп жатқан шикізаттың түйіршік құрама туралы сараланған ақпараттарға айналдырып береді. Алынған ақпарат машиналық оқытудың өзге де технологияларын пайдалана отырып жиналған ақпаратпен бірге талданады. Нәтижесінде жүйе түрлі параметрлердің айырмашылығын саралай отырып, кенді ұсататын диірмендер жұмысының ең тиімді сипаттамаларын дәл тауып береді. Әрі оны технологиялық процестерді басқарушы операторға жолдайды.    

«Біз 4.0 Индустриясы тұжырымдамасы аясында терең автоматтандарылған әрі IIoT, жасанды интеллект пен машиналдық оқытуды пайдаланатын жобамен көптен бері айналысып келеміз, – деді Еуразиялық Топ (ERG) Өндірістік жасанды интеллект басқармасының жетекшісі Дмитрий Карбасов. – Серіктестеріміздің технологиялық қабілеттерінің жоғарылығының арқасында жүйе біздің өндіріс туралы тек жаңа мәліметтер жинап қана қоймай, одан ары ілгерілеп, жасанды интеллект көмегіне жүгіне отырып, шешім қабылдау модельіне өтті. Оны өндіріс технологиясын автоматты басқару жүйесіне одан ары кіріктірді».

«Жасанды интеллект саласындағы тартыстың жаһандық бәсекеге айналғанына біраз жылдың жүзі болды. Биыл 25 жылдық мерейтойын атап өткелі отырған Еуразиялық Топ та тау-кен металлургия саласындағы бәсекелестеріне бұл істе жол бермеуге күш салып келеді,- деді ERG-дің ІТ бойынша Бас атқарушы директоры Ғалымжан Ахметов. – Біздің компания алғашқы қадамдарын жасап, өндірістік процестерді оңтайландыруға сеп болар жасанды интеллектке сүйенген бірнеше пилоттық жобаны қолға алды. Оған қоса, Ақтөбе мен Қостанай облыстарындағы пайдалы қазбалар қорын зерттеу ісінде де машиналық оқыту әдістерін пайдалануды көздеп отырмыз. Осы орайда, ERG бұл технологияларды тек тың технология үшін ғана емес, алдымен тиімділікті арттыру, қауіпсіздікті нығайту мен ұқыпты өндіріс қағидаларын дамыту жолындағы нақты тапсырмаларды шешу үшін пайдаланатынын айта кеткім келеді».

«Жасанды интеллект пайдаланылатын жобаларда серіктестің қазір қолында бар бизнес процестерін мәліметтерді жинауға бейімдеп, машиналық оқыту негізіндегі алгоритмдерді жаттықтыруға жолдауға даяр болуы маңызды. Кейін осы талдаулар нәтижесін өндірісті басқаруда пайдалану қажет, – деді Redmadrobot Data Lab CIO Алексей Соколов. – Жобаны жүзеге асыру барысында әріптестеріміздің кәсіби біліктілігінің жоғарылығы мен жобаға жанашырлығы айқын білінді. Нәтижесінде жедел түрде бірлескен шешім шығаруымызға жол ашылды. Өз кезегінде бұл Еуразиялық Топқа (ERG)  өндірістік цифрландыру бағытында тағы бір қадам ілгерілеуге жол ашты».