Назад

ERG Люксембургтегі қазақстандықтардың бірінші кездесуін қолдады

18.09.2019

ERG Қазақстан-Люксембург Ынтымақтастығы қауымдастығымен бірлесе отырып, Люксембургтегі қазақстандықтардың бірінші кездесуін ұйымдастырды.

ERG-дің Бас атқарушы директоры және Қазақстан Республикасының Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі Мәртебелі консулы Бенедикт Соботканың тарапанан қолдау тапқан іс-шараға қазақстандық және люксембургтік бизнес пен дипломатиялық қызметтердің жетекшілері қатысты. Атап айтқанда, кездесуге Қазақстанның Бельгия Корольдігі мен Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі елшісі Айгүл Құспан қатысып, ашылу салтанатында алғы сөз айтты. Кездесуге, сонымен қатар, Люксембург пен оған жақын орналасқан Еуропа елдерінде тұратын әрі жұмыс жасайтын қазақстандықтар да ортақтас болды.

– Біз соңғы бес жылда Люксембургте қазақстандық бизнесті таныстырып келе жатқанымызға өте қуанышытымыз және осы салада жұмыс жасауды әрі қарай жалғастырамыз. Біз Қазақстан мен Ұлы Герцогтік арасындағы қарым-қатынастардың дамуына мүдделіміз. Осы орайда, біз Қазақстан-Люксембург Ынтымақтастығы қауымдастығының бастамасын қолдауға қуанышты болдық. Қазақстан біздің бизнесіміздің жүрегі десек болады. Онда біздің компаниямыздың стратегиялық маңызды кәсіпорындары орналасқан. Біздің Топ 25-жыл қатарынан Қазақстанның әлеуметтік және экономикалық дамуына ат салысып келеді, – деп айтты ERG-дің Бас атқарушы директоры Бенедикт Соботка.

Іс-шара қазақтар мен қазақстандықтардың отандастарымен кездесуге мүмкіндік жасап, екі елдің арасындағы мәдени қарым-қатынастың нығаюына септігін тигізді.

– Осы іс-шараны өткізуіміздің негізгі мақсаты екі елдің халқын жақынырақ таныстырып, екі жақты қарым-қатынастың дамуына жағдай жасау және Люксембурге жақында келген отандастарымызбен танысу болып табылады. Осы орайда, біз үшін ERG-дің қолауды өте маңызды, – деп атап өтті Қазақстан-Люксембург Ынтымақтастығы қауымдастығының президенті Нұргүл Тұрсын.

2019 жылдың қаңтар айында құрылған қауымдастық бірнеше іс-шара өткізіп үлгерді. Жақын арада қауымдастық қазақстандық киноның Люксембургтегі бірінші көрсетілімін, заманауи қазақ өнерінің көрмесі мен қазақ мәдениетін Люксембургте таныстыруға бағытталған өзге де іс-шаралар өткізбек.