Назад

ERG-дің BTS компаниясы он жылдық меретойын атап өтті. Ол қысқа мерзімде табысқа жетіп, нарықта танылған

10.09.2019

Осыдан 10 жыл бұрын Еуразиялық Топ компания мен ондағы бизнес процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйелерін енгізе отырып трансформациялауды ұйғарған. Осылайша Топ құрамында өзіне сенімді, мақсаткер адамдарды біріктірген жаңа команда – BTS пайда құрылды.

Жүзеге асырылған алғашқы «Стрела» бағдарламасы бүкіл Топ үшін бетбұрыс кезеңі әрі барлық салаларда үлкен өзгерістердің бастауы болды.

Қызметін бастағалы бері компания тек ERG қызметкерлері мен жалпы Қазақстан аумағында ғана емес, халықаралық деңгейде мойындала бастады. Мәселен өткен жылы BTS компаниясы «SAP ERP тұғырнамасында ERG Тобы кәсіпорындарына арналған ERP жүйесін құру» жобасы үшін SAP Value Award 2018 байқауының «Сандық трансформация көшбасшысы» аталымында күміс жүлдеге ие болды.

Осы орайда Еуразиялық Топ ERP жүйесінің пайдалануға болатын 10 модулінің 9-ын пайдаланып отырған Қазақстандағы жалғыз компания екенін де айта кеткен абзал. Нәтижесінде ERG SAP сандармен жұмыс істеу барысында адам факторына жол бермеу үшін 7 500 қолданушы енгізген мәліметтерін саралайды.

– Он жылда біз маңызды да ауқымды жолды жүріп өттік. Моножобалық командадан ауқымды құзірет орталығына айналдық. Бүгінде бизнеске қажетті ІТ шешімді әзірлеу мен енгізуден бастап, тиімділікті арттыру жөніндегі консультацияға дейінгі трансформацияны сүйемелдеудің барлық бағыттарын қамтып отырмыз, - деді ERG-дің ІТ жөніндегі Бас атқарушы директоры Ғалымжан Ахметов. – Біз бұрынғысынша базалық ІТ инфрақұрылымды қолдап, Топтың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз. SAP қолданушыларына көмек көрсетіп, мастер-мәліметтерді қолдаймыз. Сайып келгенде осының бәрі Топтың ІТ саласын дамытуға тұғырнама болды. 4.0 Индустриясы трендтерінің барлық бағыттары бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда.

Қазіргі таңда компанияда болашағынан үміт күттірер жобалар көп. Команда әсіресе – Жасанды интеллект пен машиналық оқытуға ерекше көңіл бөліп отыр.

Бизнес процестерді автоматтандыру мен роботтау жөніндегі арнайы жұмыс тобы түрлі әкімшілік функцияларды атқаратын кеңсе роботтарын жасайды. Мақсат – өнбей, тым көп уақытты қажет ететін процестерді жасанды интеллектке тапсыру арқылы кеңсе қызметкерлерінің өнімділігін арттыру. Мәселен, мәліметтерді жинайтын робот ERP жүйесіндегі ауқымды мағлұматтарды алып шығып, есепке қажетті ақпараттарды бөліп алады. Бұрын бұл істі 3 қызметкер бөліп алып, әрқайсысы 6-7 сағат уақытын шығындайтын. Қазір бұл жұмысты жалғыз робот небары 4,5 сағатта атқарып шығады.

 BTS компаниясының тағы бір жетістігі – жалпы қызмет орталықтарының негізін қалады. Мәселен, ІТ, ақпараттық қауіпсіздік және келісім шарттар процестерін жүргізу.

Қазіргі таңда BTS командасы ең жоғары деңгейде сенімді ақтаған. Мәселен бүгінде ол 10 венчурлық қорға қолдау көрсетеді. Олар негізінен еліміз үшін ерекше маңызды цифрлық жобалар.

– Осыдан он жыл бұрын Топты трансформациялау үшін құрылған компания бүгінде өзі үздіксіз трансформацияланып, қайта түлеуде. Осы орайда компания үшін дамудың жаңа тармағы, жаңа «Стреланы» айтып отырмыз,- дейді Ғалымжан Ахметов. – Мен біз Қазақстандағы ең қуатты трансформация командасына айналдық деп нық сеніммін айта аламын, - деді ол.