Назад

Рустам Ибрагимов «Шұбаркөл көмір» АҚ президентінің міндетін атқарушы болып тағайындалды

02.09.2019

«Шұбаркөл көмір» Акционерлік Қоғамы (Еуразиялық Топ (ERG) құрамында) Директорлар кеңесінің шешімімен 2019 жылғы 1 қыркүйегінен бастап Рустам Сухрабович Ибрагимов кәсіпорын Президентінің міндетін атқарушы болып тағайындалды. Директорлар Кеңесі сондай-ақ, осыған дейін кәсіпорын Президентінің қызметін атқарып келген Андрей Александрович Сафоновтың өкілеттігін басқа жұмысқа ауысқанына байланысты тоқтатты.

Рустам Ибрагимов Жүсіп Баласұғын атындағы Қырғыз ұлттық университетін «Қаржы» мамандығы бойынша тәмамдаған. РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының «Іскерлік басқару шебері» мәртебесін алған.

Рустам Ибрагимовтың еңбек жолы ұзақ уақыт бойы Еуразиялық Топпен тығыз байланысты. 2002 жылдан бастап Рустам Ибрагимов «Қазхром» ТҰК» АҚ Ақсу ферроқорытпа зауытының Қосалқы материалдар бюросын басқарды. 2007-2014 жылдары басқарушы компанияда басшы қызметтерде еңбек еткен. 2014 жылдың тамыз айында Рустам Ибрагимов «ERG-дің Коммерциялық орталығы» ЖШС директоры лауазымына тағайындалып, 2018 жылғы мамырда «Шұбаркөл көмір» АҚ бірінші вице-президентінің қызметіне ауысқан болатын.