Назад

Екібастұз кеншілері кәсіби мерекелерін қарсы алуда

27.08.2019

Кәсіби мереке – Кеншілер күні қарсаңында Еуразиялық Топ (ERG) құрамындағы «ЕЭК» АҚ «Шығыс» кенішінің 130-ға жуық кеншісі марапатталды. 

Салтанатты шара көмір өндіруші кәсіпорын аумағында орналасқан Құрмет тақтасының ашылуынан басталды. Оған еңбегімен ер атанған 28 жұмыскердің портреттері ілінген. Ізінше кеншілер үшін салтанатты жиын өткізіліп, көмір өндіруші кәсіпорнының көркем өнерпаздары әзірлеген концертке ұласты.

– Кеншілер мен шахтерлер мамандығы біздің аймақ үшін маңызды. Екібастұздың дамуы көмір өнеркәсібінің дамуымен, кеншілердің жұмысымен тікелей байланысты. Қалада осы даңқты мамандық өкілдерінің бірнеше ұрпағы ауысты. Бұл күні еңбек ардагерлеріне, зейнеткерлерге ерекше алғыс  айтылады. Бұл сіздер қаламыздың еңбектегі еселі ерліктерімен даңққа бөледіңіздер. Сіздерге әрқайым бас иіп, тағзым етеміз! – деді «ЕЭК» АҚ «Шығыс» кенішінің директоры Юрий Гончаров білдірді.

Бір жыл ішінде еңбегімен дараланған кеніш қызметкерлеріне төсбелгілер, құрмет грамоталар, алғыс хаттар табысталды.

Саладағы басты марапат - «Кенші даңқы» құрмет белгісін 47 кенші иеленсе, «Еңбек даңқы» белгісімен 32 жұмыскер марапатталды. «Көмір өндіру өнеркәсібінің құрметті жұмыскері» атағы 8 кеншіге берілді. Сонымен қатар кеншілер Еуразиялық Топтың (ERG) арнайы марапаттарын да алды. Олардың ішінде алғыс хаттар және «Еңбек айбыны үшін» құрмет белгісі де бар. «ЕЭК» АҚ еңбек ардагері» медалін 11 адам алды. Бұдан бөлек, еңбегімен дараланғандарға Павлодар облысы мен Екібастұз қаласының әкімдері атынан грамота мен алғыс хаттар тапсырылды. 

– Кеніште отыз жыл шамасында жұмыс істеймін, мен мұнда жыл сайын өндіріс озаттары атап өтетінін білемін. Бұл жолы мені құрмет марапатын алдым. Мен үшін бұл үлкен қуаныш, – деді өндіру жұмыстары учаскесі конвейерінің машинисті Ержан Конекбаев. – Өз өмірін көмір саласымен байланыстырған барлық шахтерлер мен кеншілерді құттықтағым келеді. Мерекелеріңізбен!

Дәстүр бойынша Кеншілер күніне арналған жұмыс Спартакиадасының қорытындысы шығарылып, жеңімпаздары марапатталды.

«Шығыс» зейнеткерлері де назардан тыс қалған жоқ. Оларға Кеншілер күні қарсаңында мерекелік дастархан жайылды.