Назад

ССКӨБ-тегі жаңа технологиялар жүргізушілердің еңбек жағдайының қауіпсіздігін арттыруда

01.08.2019

Еуразиялық Топ (ERG) құрамындағы Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігінде кәсіпорынның ауыр жүк көліктеріне британдық «Brigade Еlectronics» фирмасының «360 градус» бейнебақылау жүйесін орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Айналмалы көрініс жүйесі бұдан былай бірлестік автопаркінің барлық ауыр  көліктерінде орнатылмақ. Бұл, алдымен, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған және ереже бұзу фактісін бірден таспаға жазады. Сонымен қатар қызметкерлердің жұмыс сапасы мен нысандағы жалпы жағдайды бақылауға мүмкіндік береді.

Жаңа жабдықтың жұмысы келесідей өрбиді: көлік периметрі бойынша орнатылған 180 градустық көру бұрышы бар 4 кең бұрышты камера іске қосылады, кейін олардан арнайы басқару блогы арқылы түсірілген бейне кабинада орналасқан экранға бір проекция бойынша жинақталады. Жүргізуші ол арқылы орталықта өзінің көлігін және айналада болып жатқанның барлығын құс ұшар биіктіктен бақылай алады. «Икемді» жаңа бейнебақылау жүйесі автокөлік жүргізушілері үшін өте ыңғайлы.

– Экранда әдепкі қалпы бойынша «360 градус» бейнепроекциясы орналастырылған. Яғни монитордан кез-келген камераның бейнесін бір мезгілде көруге болады, – дейді жабдықты орнатқан компания – «Alpha – Safety» ЖШС өкілі Евгений Комаров. – Жүйеде көптеген триггерлер бар. Олар жүргізушіге командаларды басқаруға мүмкіндік береді. Мысалы, триггер сол жақ бұрылысқа қосылған кезде, сол камераның суреті толық экранда көрсетіледі, ал кері редукторы бар тандем артқы камераның үлкен бейнесін береді. 360 градустық бейнебақылау жүйесі көптеген ұқсас нұсқаларды ұсынады. Жұмыс барысында кабинада орналасқан батырманы қолдана отырып, жүргізуші кез-келген камераны таңдап, көліктің айналасында не болып жатқанын көре алады.

Жабдық жинағына камера мен дисплейден басқа кабинада орнатылған бейнекамера, барлық камералардан сигналды қабылдайтын бейнетіркеуіш, жазба екі апта бойы сақталатын қатты диск кіреді. Айналмалы көрініс жүйесі бұл «соқыр аймақтармен» байланысты қауіптерді жоюға, зақымдануға жол бермеуге және ең бастысы қауіпті өндірістік жағдайда адам өмірін аман сақтауға мүмкіндік беретін қауіпсіздік жүйесі.

– Бір ай бойы біз 402 нөмірлі Hitachi EН1100-5 көлігінде «360 градус» бейнебақылау жобасына сынама жүргіздік, – «ССКӨБ» АҚ АКБ АКЦ-1 басшысының м.а. Александр Меньшов. – Оның қорытындысы бойынша көз жеткізілген жүргізушілердің жұмысындағы ыңғайлылық пен қауіпсіздік – мұндай бейнебақылау жүйесінің пайдасына шешілген бірінші және маңызды дәлел. Ауыр жүк машинасы іске қосылған кезде, нақты уақыт режимінде жұмысшының алдында 3 метр радиусына дейін шолу ашылады. Бұл адамға кәсіби шеберлігін барынша тиімді қолдануға және өзінің өндірістік процесі мен айналасындағы әріптестерінің қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Тағы бір артықшылық – төтенше жағдайда біз шынайы жағдайды байқай аламыз.

Бір ауыр жүк машинасына жабдықты орнату 4-5 сағат уақытты алады. Бұл дегеніміз бір ауысымда екі техника рейске «жаңарып» шығады. Жыл соңына дейін бірлестік автопаркіндегі Hitachi, CAT және БелАЗдар, барлығы техниканың 115 бірлігі «360 градус» бейнебақылау жүйесімен жабдықталмақ.