Назад

Еуразиялық Топ инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың тиімділігін арттырады

01.08.2019

Топта жаңа ERG Capital Projects (ERG CP) компаниясы құрылды. Оның міндеті – Еуразиялық Топтың Қазақстандағы инвестициялық жобаларын әзірлеу мен тиянақты жүзеге асыру. ERG CP командасына 20 жылдан астам халықаралық тәжірибесі толысқан білікті маман – Марк Рассел Рик жетекшілік етеді.

Қызметінде ERG CP жобаларды басқару саласындағы әлемнің озық тәжірибелерін басшылыққа алмақ. Топтың ауқымды жобаларын жоспарлау мен кейін оны тыңғылықты жүзеге асыруда берік ұстанатын басым бағыт «бюджет-мерзім-сапа» арақатынасының ең тиімді үлесімін қамтамасыз ету.

Capital Projects жобалардың тәуекелдерін басқарып, негізгі белгісіздіктерді төмендету жоспарларын түзіп, қауіпсіздікті нығайтып, Топ кәсіпорындарына тиімді технологиялық бизнес шешімдерді әзірлеуді көздейді. Оған қоса, ірі жобаларды жүзеге асырудың стратегиясын түзеді.

Осылайша, ERG CP Еуразиялық Топтың ірі инвестициялық жобаларды басқаратын ішкі орталығына айналмақ. Оған қажетті құзірет, кәсіби біліктілік пен жергілікті мамандарға тәжірибе тарату үшін ERG CP халықаралық тәжірибесі толысқан сарапшыларды жұмысқа жұмылдырады.

ERG CP командасы құрамына Топ кәсіпорындары, ERG-дің Коммерциялық орталығы мен «Еуразиялық Топ» ЖШС өкілдері де кірген. Бұл қалыпқастан дәстүрдің бірізділігі мен тың шешімдердің тиімді үйлесімін қамтамасыз етпек.

ERG CP жобалары портфеліне Топтың 19 инвестициялық жобасы енген.