Назад

Қостанай өңіріндегі «ERG қаласы» атты әлеуметтік жобалар байқауының ақтық кезеңі Рудный қаласында өтті

15.07.2019

«ERG қаласы» байқауының финалына биыл 7 жоба ұсынылды. Жеңіс күні
қарсаңында ескерткіштерді жаңарту (АоК ТБКБ), жалпыға қол жетімді Workout алаңы бар
отбасылық саябақ салу (АоК КБКБ), қаланың орталық көшелерін жылдамдықты көрсетер
электронды тақтайшалармен жабдықтау (АоК КБКБ), «ERG- Джуманджи» арқан саябағын
салу (ССКӨБ), ССКӨБ өндіріс аймағына жылы аялдамалар орнату (ССКӨБ),
биоәжетханалар орнату (АоК КБКБ) сынды жобалар қазылар назарына ұсынылып, жеке
таныстырылды. Олардың әрқайсының өз ерекшелігі болғанымен, тұтастай алғанда бәрі
тегіс кәсіпорын қызметкерлері мен олардың туған-туыстары мекен еткен қалаларды
барынша жайлы етуді көздейді.
Қазылар алқасы құрамына облыс әкмінің орынбасары Ерлан Спанов, Рудный
қаласының әкімі Бақытжан Ғаязов, Лисаковск қаласы әкімінің орынбасары Алмас
Сұлтанов, Арқалық қаласы әкімінің орынбасары Дархан Хамзин, облыстық қаржы
басқармасы басшысының орынбасары Наталья Моргул мен Еуразиялық Топ және ССКӨБ
өкілдері арнайы шақырылған.
– ERG әлеуметтік бағдарланған халықаралық ірі компаниялардың бірі, - деді
Еуразиялық Топ басқарма төрағасының әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі Мәди
Исмаилов. Компанияның басты міндеттерінің бірі – біздің «туған» қалаларымыздың
өркендеуін қамтамасыз ету. «ERG қаласы» байқауы Қазақстанда жүзеге асырылып
жатқан ауқымды әлеуметтік Стратегияның үлкен бір кезеңі. Бүгін ұсынылған жобалар
Қостанай өңіріндегі қалалардың дамуына тың серпін береді деген сенімдемін.
Әлеуметтік жобалар байқауы 2017 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Бұған
дейін ол ERG Инноваторлар форумы аясында өткізілетін. Биылдан бастап, жеке
ұйымдастырылып, «ERG қаласы» байқауы атала бастады.
– Байқаудың форматы да жаңаша, – деді ұйымдастырушылардың бірі, Тель-Авив
университеті достарының Қазақстандағы қауымдастығының вице-президенті Сәния
Арапова. – Жобалар алғаш рет жергілікті атқарушы билік өкілдері алдында таныстырылып
отыр. Осылайша, біз іске ERG қызметкерлерімен қатар жергілікті қауымдастық өкілдерін
де жұмылдырып отырмыз. Байқауға қатысушылардың барлығы әлеуметтік жоспарлау
білігін шыңдады. Онда олар белгілі бір мекен тұрғындарының қажеттілігін зерттеу арқылы
нақты жоба жасауды меңгерген.
Байқау басталарда қазылар алқасы жүлделі 3 орын боларын атап айтқан. Алайда,
жобалардың мәнін терең түсінген соң жеңімпаздар саны көп болатыны анықталды.
Нәтижесінде жылы аялдама салынып, жылдамдық көрсететін табло орнатылатын болды.
Арқан бағы бой көтеріп, Арқалықтағы ескерткіш Жеңіс күні қарсаңында қайта қалпына
келтірілмек.

Торғай боксит кен басқармасы қызметкерлерінің «Арқалықта барша отбасыға
арналған саябақ салу» жобасы пысықтауға жолданды.
– ERG компаниясына ұзақ жылдар бойғы сенімді серіктестік үшін алғыс айтқым
келеді, – деді облыс әкімінің орынбасары Ерлан Спанов. – «ERG қаласы» жобасы – біздің
облыс тұрғындары мен жергілікті билікке берілген тағы бір мүмкіндік. Өйткені, бұл байқау
қазір бар өткір нақты проблеманы шешудің қолданбалы жолын ұсынады.